Жасөспірім суға кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 15 мамыр күні Федоров ауданындағы Александрополь селосында суға шомылып жүрген жасөспірім абайсызда суға кетті. Оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.
17 мамыр күні Жанкелдин ауданы Сужарған ауылында 1977 жылы туған ер адам Торғай өзенінен атпен өтпек болғанда суға кетті. Қарасу ауданының Восток кентінде  өзенді жүзіп өтпек болған 1978 жылы туған азамат ажалын судан тапты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓