«Қару» жедел алдын алу шарасы
Атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Қостанай облысының аумағында 2019 жылғы 10-14 шілде аралығында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
(иллюстрациялық сурет)
Полиция қызметкерлері 3999 азаматтық қару иелерін тексерді. Тексеріс барысында 119 лицензиялық-рұқсат беру жүйесі ережелерін бұзу анықталды. 105 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен 14 материал жолданды ("Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау"). Сондай-ақ, қаруды сақтау және алып жүру құқығына берілген 39 рұқсаттың күші жойылды.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 14 бірлік қару мен 351 дана оқ-дәрі алынды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелген 63 қару тәркіленді.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі