“Балақай” қуыршақ театры ашылды

кукла1Қазіргі кезде Тәуелсіз елі-мізде өнерлі жас бүлдіршін-дердің талабын ұштау мақсатында көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Жер-жерде әралуан үйірмелер ашылып, жұмыс істеуде. Олардың нәтижелері де жоқ емес. Ауылдық, аудандық және облыстық түрлі байқауларда өнер көрсетіп, жүлде алған өнерпаз балалар республикалық және халық-аралық байқауларға қатысып, танылуда.
Жуырда Б.Қолдасбаев атындағы орта мектепте осындай мақсатпен "Балақай" атты қуыршақ театры ашылды. Балалардың бұл театрына ауданға танымал өнерпаз Әнет Жұмабеков жетекшілік етеді. Ол Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің режиссура бөлімін тәмәмдаған. Колледжді бітіріп келген соң Қ.Әбенов атындағы аудандық театр-ында жұмыс істеген. Тәжірибелі жас маман аталмыш мектептегі өнерпаз балалардың талантын ұштау мақсатында "Қуыршақ" театрын ашып отыр. Оның мұндай қадам жасауына мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжымы лайықты қолдау көрсеткен. Бұл театрға орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысуда. Атап айтқанда: А.Арзамасова, А.Аманбае-ва, Ә.Әбдіхамит, К.Біжікенов, Ә.Сағымбеков, Е.Хамитбек, С.Қайыржанов, Н.Тайшыман, М.Нұрбаев, Е.Олжабаев, С.Жауынбай секілді өнерпаз оқушылар.
"Балақай" қуыршақ театрының әртістері ау-дан орталығындағы балабақшалар мен мектептерге барып, "Шалқан", "Қызыл телпек", "Бауырсақ", "Айлакер түлкі", "Ит пен мысық адамға қалай үйренді?", "Мыстан кемпір" атты қойылымдарын көрсетіп, бүл-діршіндерді қуанышқа кенелтті.
Қуыршақ театрының алғашқы қадамына ұс-таздар қауымы мен бүл-діршіндер және оқушылар дән риза. Бастама жаман емес. Оқушылардың өздерінің әртіс-тік қабілеттерін жетілдіре түсуіне режиссер Әнет Жұмабеков елеулі ықпал етіп келеді. "Балақай" қуыршақ театры алдағы уақытта балалар-ға арнап біраз қойылымдар көрсетуді жоспарлап отыр.
Хамитбек
      МҰСАБАЕВ
Суреттерде: театр әртістері режиссер Әнет Жұмабековпен бірге және аудан орталығындағы "Қаламқас" балабақшасының бүлдіршіндері театр ұжымының қойылымын тамашалаған сәт.
Аманкелді ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓