Жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлінеді

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекті қабылдауына Қостанай қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлдіру мәселесі бойынша жүгінді.
Өткен жылы субсидияларға қажеттілік 60% көлемінде болды. Мәселен, автобсутар паркі ескірген, ал жаңасын сатып алу үшін операторларда қаражат жоқ. Осыған байланысты жергілікті Антикор, Кәсіпкерлер палатасы және Қостанай қаласы әкімдігі бірлесіп, автоөнеркәсіп басшыларымен жолаушылар тасымалы мәселесін талқылауға арналған кездесу өткізді.
"Қорытындысында қала әкімдігі өзіне кепілгердің міндеттемелерін алуды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде сатып алынатын техника үшін автобустардың жалпы құнының 20% мөлшерінде аванс енгізуді және отандық өндірісте 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарға алды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыру үшін субсидиялар жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдауға бекітілген тариф арасындағы айырманың 80% мөлшерінде төленетін болады. Жергілікті атқарушы органдарының қатысуынсыз автобустарды сатып алған және аванстық жарнаны өз бетінше енгізген жағдайда тасымалдаушыларға субсидия толық 100% көлемінде төленетін болады", – делінеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓