Қобыз сазы самғаған кеш
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның белгілі өнерпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Батырбек Байназаровтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті.
Қазақтың қылқобызын қырық жыл қолынан тастамаған хас күйшінің өнерін тамашалауға халық аз жиналған жоқ. Аңыз аспаптың шанағынан төгілген құдіретті үн, мұңлы қою саз тыңдарманның көкірегін ерекше сезімге толтырғаны анық.
Мерейтой иесі қылқобыз сүйемелімен сахнада жеке де, оркестрмен де сан алуан күй ойнады. Тіпті, домбыра, барабан, гитара, пианино аспаптарымен айрықша үйлесімді композициялар да тарту етті.






Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков