Бір ауданға бір мұражай ауадай қажет-ақ
Жалпы, мұражай – өткен тарихтың айнасы іспетті. Ал, тарих өлкетанудан бастау алады. Сондықтан болар, ауданның арғы-бергі тарихын таразылап, шежірелі өңірдің танымал тұлғаларын есте қалдыруға, өңір тарихына деген қызығушылық тудырып, сарыкөлдіктердің бабаларын, аталары мен әкелерінің еткен еңбектерін ұрпақ санасында жаңғыртуға мұражайдың өз септігін тигізері айдан анық.
Ауданда орталық мұражай болса, мерейлі мерекелер қарсаңында өткізілген кештер, туған жердің танымал тұлғаларын еске алуда жүргізілген жүйелі жұмыстардың бәрі де ертеңге естелік болып қалар еді-ау. Оның үстіне, осы өңірдің алғаш іргетасын қалаған азаматтардың суреті, олардың жасап кеткен өрелі істері, жүріп өткен жолдары өскелең ұр-паққа өсиет болып сақталары хаһ. Сондай-ақ, енді көктеп келе жатқан кейінгі ұрпақтың өз жері-нің тарихын еркін біліп, ата-бабалар ісінен тәрбие алып, олардың бейнесін болашақта жазбай тануына зор ықпалы тиеді.
Ал, біздің ауданда орталық мұражай жоқ. Тек қана колледж бен мектептерде шағын-шағын мұражайлар орын тепкен. Алайда, бұлар ауданымыз үшін, оның тарихын зерделеу үшін, әрине, аздық етеді. Сондықтан да, бір ауданға бір мұражай ауадай қажет-ақ…
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.