«Қостанай аруы – 2015» байқауы өз мәресіне жетті

«Қостанай аруы – 2015» байқауы өз мәресіне жетті. Ақтық кезеңде 18-23 жас аралығындағы 15 бойжеткен бақ сынасты. Бірінші дефиледе бойжеткендер жүріс-тұрысы мен киім үлгілерін көрсетті. Одан кейін олар «Interdance» би ұжымымен бірге үш әсерлі би орындады.
 Мұнан соң сұлулар көрермендердің алдына үйлену тойларының көйлектерін киіп шықты.

20151116112728

 Шешуші айналымға іріктеліп өткен алты бойжеткеннің  зияткерліктері сыналды.Қорытындысында, қазылар алқасының шешімімен,бірінші вице-мисс атағын Альбина Әлкеева, екінші вице-мисс атағын – Мария Латыпова иеленді. 

20151116090638

Жастар бастамалары орталығының бастамашы ретінде шыққан «Жастар аруы» аталымын Әсел Сейітова жеңіп алды. Ал, Виолетта Кальниченко үш мыңнан астам адамның дауысына ие болу арқылы «Ғаламтор көзайымы» атағын жеңіп алды. Көркіне ақылы келіскен бұрымдылар байқауының бас жүлдесіне Ксения Брума есімді 19 жастағы студент ие болды.
Ксения – болашақ хореограф, Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледждің төртінші курсында білім алып жатыр. Бойжеткен қалалық сұлулық байқауындағы жеңісті сәнгер-модель боламын деген арманына жасалған алғашқы алымды қадам деп есептейді.20151116090642Жеңімпазы ару енді желтоқсан айында Астанада өтетін «Қазақстан аруы» республикалық сұлулық байқауына облыс атынан қатысатын болады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓