Жауын-шашыннан кейін: қазіргі ахуал қалай?

Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өткен тәулікте жолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы айтты.
"Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар өңірдің тас жолдары жабылды. Патрульдік полицейлердің жұмысы күшейтілген тәртіпке ауыстырылды, жүргізушілердің жолға шығуына жол бермеуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді. Өткен тәулікте 18 ЖКО тіркелді, оның тоғызы Қостанайда, бесеуі Рудныйда, үшеуі Қостанай ауданында және бір жағдай Жангелдин ауданында болды. Барлығында да жолаушылар аман, жапа шеккендер жоқ. Жабық тас жолдарға шығуға салынған тыйымды бұзған жүргізушілер тіркелмеді", – делінеді хабарламада.
Полицейлер тұрғындарға, әсіресе, көктайғақ пен қар жауған кезде жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді .

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓