Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

20 тамызда бүкіл ел бойынша жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткізді. 21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері жаңа оқу жылының қалай басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
оқушылар
Онлайн-кеңес барысында сынып жетекшілері ата-аналарға қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда оқыту форматын таңдауды түсіндірді. Жаңа оқу жылы қашықтықтан басталады. Ата-аналардың қалауы мен өтініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары мектептерде күндізгі форматта оқи алады. Кезекші сыныптарда оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (бұл өтініште көрсетіледі). Оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті температурасын өлшеу қарастырылған. Бір сыныпта 15-тен аспайтын бала оқуы тиіс. Өтініштерді сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдайды. Кезекші сыныптар 25 тамыздан бастап құрыла бастайды.
"Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсы ауылдық елді мекендерде оқу процесі санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, күндізгі форматта өтеді", – делінген ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кезекші сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр уақытқа белгіленеді.
Сыныптарда әр екінші сабақтан кейін ылғалды тазалау жүргізіледі, ал дәліздер мен залдарда – әр үзілістен кейін. Мектептердегі асхана мен буфеттердің жұмысы тоқтатылады.
Мектептер дезинфекциялау құралдарымен, аяқ киімді өңдеуге арналған кілемшелермен және санитайзерлермен қамтамасыз етілген.
Мектеп формасына қойылатын талаптар сол күйі қалдырылды. Бірақ, уақытша өзгерістер енгізілді, яғни, оқушылар сабаққа мектеп формасымен немесе басқа ыңғайлы киіммен баруға болады.
Шағын жинақты мектептерде оқитын оқушылардың ата-аналарына санитарлық шараларды сақтау қажеттілігі туралы айтылды.
Бүгін балалары қашықтықтан оқитын ата-аналар үшін білім беру платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді. БҒМ қандай да бір білім беру интернет-платформасын таңдауға қатысты шешім қабылдамайды, әрбір мектеп өз бетінше интернет-платформаны таңдайды, оның көмегімен қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады.
Өткен оқу жылының төртінші тоқсанындағыдай, дүйсенбіден жұмаға дейін "Балапан" және "Еларна" республикалық телеарналарында қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдалану үшін телевизиялық сабақтар көрсетілетін болады.
Карантиндік және шектеу шаралары жағдайында қолданылатын 1-11 (12) сыныптарда оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Жаңа оқу жылында бірінші тоқсанда бір жиынтық жұмыс (БЖЖ) және тоқсандық жиынтық жұмыс (ОЖ) жүргізіледі. Тоқсандық бағалау күнделікті бағалау, БЖБ және ТЖБ көрсеткіштері негізінде шығарылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓