Қазақ еліне
Мен бүгін қуанамын көңілім тасып,
Жүрмеймін бұрынғыдай құтым қашып.
Нұрсұлтан көшті бастап келе жатыр,
Бабамыз Абылайдың орнын басып.
Қазағым енді қазір жиды есін,
Көлгірсіп жасырамыз оның несін.
Аштықты Голощекин қолдан қылған,
Құдайым, енді қайтып әкелмесін.
Қазақтың маңдайдағы жұлдыздарын,
Қаматты "Жаусыңдар" – деп, ұл-қыздарын.
Кешегі "Халық жауы" жылдарында,
Асқызып, атқызғаны өңшең дарын.
Партия бізді осылай басып кетті,
Қылғаны басымыздан асып кетті.
Бүлдіріп, дүниені быт-шыт қылып,
Ұстатпай, ақырында қашып кетті.
Қайтадан жаңғырықты қазақ аты,
Оралды ортамызға "ата салты".
Әлемді енді міне таң қалдырды,
Қазіргі Нұрсұлтанның саясаты!
Ел болдың егеменді қазақтарым,
Келмеске кетті көрген азаптарың.
Өзіне-өзі келіп алғаннан соң,
Көресің қазағымның ғажаптарын!
Өркендеп, алға басты елім бүгін,
Сүйреп ең тарихтың ауыр жүгін.
Қалайша қазақ елі кедей болмақ,
Жерінен май шығады тартсаң түгін.
Оралды тіліміз де, дініміз де,
Өлмеп ек бұдан жаман күнімізде,
Арқасы бәрі осының Нұрсұлтанның,
Білеміз бір кісідей мұны біз де.
Ел болдық егеменді 23-ке келіп,
Жүруші ек бір тіріліп, бірде өліп,
Тәуелсіз ел болуға қадам бастық,
Бұрынғы СССР-дан ірге бөліп.
Басыңнан өтті-ау талай қаралы күн,
Жүректі жаралаған жаралы күн.
Еңсеңді көтер, елім, бақыт табар,
Алдыңда талай-талай бар әлі күн!
Тарғын Әбенов.