Қазақстанның ең дарынды мұғалімі – жерлесіміз

Петропавл қаласында «Талантты ұстаз – қабілетті балаларға» атты халықаралық сайысы өтті. Еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын мұғалімдер арасындағы  білім бәсекесіне Қазақстанның әр қиырынан және Ресей Федерациясының облысынан 270 мұғалім қатысқан болатын.  Араларында ең үздігі болып Қостанай ауданының ұстазы Аманжол Баянбаев танылды. Ауқымы зор байқауда жұлдызы жанған ол Надежин орта мектебінің технология және сызу пәнінен сабақ береді.11207839_887828354621903_1122418498_o
Конкурстың алғашқы кезеңінде  қатысушылар «Ұлы Жеңіс беттерімен» тақырыбында шығарма жазулары керек болды. Екінші кезеңде әрқайсысы өздерін жан-жақты таныстырулары шарт. Ал, «Менің педагогикалық жаңалығым» атты айналым үміткерлердің ғылыми жобаларын қорғауға арналған еді. Жерлесіміз Аманжол Саналыұлы бұл айналымда «Технология және сызу сабақтарында сыни ойлау қабілетін дамыту» деп аталған оқу-әдістемелік көмекші құралын қазылар назарына ұсынды. Төртінші түреде «Тарих және бүгінгі күн: Қазақ хандығының 550 жылдығы», "Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық моделін қалыптастырудағы Қазақстан халық Ассамблеясының рөлі» және «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады…» атты түйткілді тақырыптар шеңберінде дискуссиялар жүргізу қажет-тін. Жас жеңімпаз педагог бұлардың ешқайсысында тосылып-мүдірмей өткенін айтады. Сондай-ақ, ол үшін педагогика, психология пәндері мен «Білім туралы Заң» бойынша алынған тестілеулер де аса қиындық тудырмапты. Халықаралық деңгейдегі қазылардың көңілінен шығып, сайыстың бас жүлдесін қанжығалағаны Аманжолдың  біліктілігінің айқын дәлелі бола алатындай.
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓