Президент: “Абай шығармаларын шетелде де насихаттау керек”
Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», – деп жазды Мемлекет басшысы.