Байқау аты – “Тіл-парасат”
Қаламыздағы Достық үйінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастарының арасында "Тіл-парасат" облыстық байқауы өтті.
Дәстүрлі шараның мақсаты – қазақ тілін меңгерген орыс жастарын ынталандыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Байқауға облысымыздағы 14-22 жас аралығындағы он алты үміткер қатысты. Олар ұсынылған тақырып бойынша мемлекеттік және ағылшын тілінде диалог құрап, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Үш кезеңнің қорытындысында рудныйлық Аделина Бухвалова жоғары нәтижеге жетті. Же-ңімпаз республикалық байқауға жолдама алды. А.Бухвалова кеншілер қаласындағы №2 гимназия-сының 10 сыныбында оқиды. Аталмыш іс-шара ҚР мәдениет министрлігі мен республикалық орыс қауымдастығының меморандумы шеңберінде ұйымдастырылды.
– Қостанайлық жастар республика деңгейінде үздік шығып, биіктерден көрініп жүр. Соның ішінде Алла Гаврина мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарының арасындағы республикалық байқау-да Гран-при алды. Маргарита Брунихина, Алла Платонова сынды жастар да жүлделі орындардың иегерлері, – деді облыстық тілдерді дамыту бас-қармасының басшысы Жанболат Үмбетов.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: облыстық байқаудың қатысушылары.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.