Тағы да тең түсті
Футболдан Қазақстан Ұлттық чемпионатының кезекті 12 тур ойындарына сәйкес Қостанайдың "Тобылы" өз алаңында "Атырауды" қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті. Шындығын айту керек, қос команда арасында матч алаң иелерінің едәуір басымдылығымен басталған еді. Алғашқы минуттардан-ақ "Тобылдың" капитаны Нұрбол Жұмасқалиевтің гол соғатын мүмкіндігі болды. Иржи Иеслинек те осындай ұрымтал сәтті уысынан шығарып алды. Қос қапталдан дүркін-дүркін шабуылдаған Рауль Джалилов пен Огнен Красич те қонақтардың дегбірін қашырды. Бірақ, күні бойы себезгілеп жауып тұрған жауын мен суға малшынған жасыл алаң ойыншылардың адымын аштырған жоқ. "Атырау" футболшылары да қарап қалған жоқ. Ойынның 24 минутында Ренат Абдуллин А.Петухов қақпасын алыстан көздеп, нысанаға алған. Абырой болғанда, ала доп қақпа маңдайшасына тиіп кері серпілді. Кездесудің дәл орта тұсында Андрей Карповичтің жойқын соққысы қонақтарды енді болмағанда алға шығарғандай еді. Алайда Александр Петухов қашандағы әдетінше қауіпті сәтті болдырған жоқ. Сөйтіп, тура алғашқы турдағыдай бұл жолы да қос команда есеп аша алмай тарқасты. Енді жерлестеріміз 24 мамыр күні Талдықорғанға қонаққа барады.Ал 28 мамыр күні "Тобыл" өз алаңында Шымкенттің "Ордабасысын" қабылдайды. 12 турда өткен қалған кездесулердің нәтижелері төмендегідей: "Астана" – "Ордабасы" 1:1, "Ертіс" – "Спартак" 5:0 ,"Тараз" – "Қайсар" 0:1, "Қайрат" – "Жетісу" 2:1 , "Ақтөбе" – "Шахтер" 4:0
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Турнир кестесі
Командалар
|
О
|
Ұ
|
Т
|
Ұ
|
Д
|
Ұп.
|
|
1
|
"Ақтөбе"
|
12
|
9
|
2
|
1
|
22 – 3
|
29
|
2
|
"Астана"
|
12
|
6
|
4
|
2
|
15 – 7
|
22
|
3
|
"Қайсар"
|
12
|
6
|
3
|
3
|
13 – 11
|
21
|
4
|
"Қайрат"
|
12
|
6
|
2
|
4
|
15 – 10
|
20
|
5
|
"Шахтер"
|
12
|
6
|
2
|
4
|
18 – 13
|
20
|
6
|
"Атырау"
|
12
|
4
|
5
|
3
|
10 – 10
|
17
|
7
|
"Ордабасы"
|
12
|
4
|
3
|
5
|
12 – 13
|
15
|
8
|
"Ертіс"
|
12
|
4
|
2
|
6
|
16 – 17
|
14
|
9
|
"Жетісу
|
12
|
3
|
4
|
5
|
9 – 10
|
13
|
10
|
"Тобыл"
|
12
|
3
|
4
|
5
|
10 – 16
|
13
|
11
|
"Тараз"
|
12
|
3
|
2
|
7
|
9 – 17
|
11
|
12
|
"Спартак"
|
12
|
0
|
3
|
9
|
7 – 29
|
3
|