Антон жолдамадан үміт үзген жоқ
Қостанайлық боксер Антон Пинчук «AIBA Pro Boxing» турнирінде Германиялық қарсыласы 28 жасар Эмир Ахматовичті тізе бүктірді. Бұл жолы 91 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар Италияның Катания қаласында айқасқан болатын.

Бұл кезеңдегі чемпиондық атақ пен белбеу Ресейлік боксшы Алексей Егоровқа бұйырғанымен Антон Олимпиадаға жолдамадан үмітін үзген жоқ.
Қуаныш Есқабыл