Өліп тірілген адам

Бұл туралы Ленинградтың жабық нөмірлі зауытынан әскери қарсы барлау органының қызметкері майор Георгиевский арнайы келіп, біздің облыс-тық басқарманың бастығын егжей-тегжейлі хабардар етіпті. Және де осы полигонда жаудың агенті бар деген тұжырымдарын айтып оған "көртышқан" /крот/ деген ат беріліпті. Енді сол "көртышқанды" інінен шығарып әшкерлеуді Орталық біздің органға тапсырыпты. Ал басқарма бастығы бұл жауапты жұмысты тәжірибесі мол П.Даценкоға жүктепті.
даценко Павел ВасБұл жерде айта кеткен жөн болар, НКГБ органы соғыс кезінде елдің тылдағы аумақтарында жаудың жолын олардың агентураларынан бөгейтін тосқауылдар жасаған көрінеді. Ол дегеніміз, жергілікті тұрғындар-ға сақ болу, егер күдікті бөгде адам көзге түссе, ол туралы кідірмей тиісті органдарға хабарлау туралы түсініктеме жұмыстар жүргізіліпті. Соғыс кезінде немістердің зиянкестік мақсаттармен майданнан  алыс сонау Қазақстанға өзінің арнайы мектептерінде дайындықтар өткен агенттерден тұратын талай әуе десанттарын түсіргені белгілі. Бұл жерде қауіпсіздік органдарына штаттан тыс сенімді тұлғалар үлкен көмек жасапты. Сондай адал, патриот азаматтардың арқасында көптеген жаудың жансыздары әшкереленіпті.
Павел Васильевич, өзінің жұмысын осы Татьяновка кенті бойынша соғыс кезінде көмегін тигізген сегіз көрінбес майданның көмекшілерін анықтаудан бастайды. Олармен кездесіп, тиісті тапсырмалар береді.
Көп ұзамай күйеуі соғыста қайтыс болған "С" деген сенімді тұлғадан назар аударарлықтай ақпарат келіп түседі. Ол кісінің айтуынша, жақын арада, бұл әйелдің үйіне бір пәтерші келіп орналасыпты. Өзін Степан Бабичпін деп таныстырған ол, жақын туыстары соғыс жүрген жерде қайтыс болғанын, енді жалғызбасты, осы Татьяновкіге тұрақтағысы келетіндігін айтыпты. Сөзге сараң Степан осы ауылда тұрып жатқан әскери адамдарға жақындап, поли-  гонға шамалы бір жұмысқа да тұрмақшы болыпты.
Павел Васильевич өзінің жұмысын Бабичтің жеке құжаттарында көрсетілгендей, оның туған жері Донецк облысында астыртын тексеру жүргізеді. Оның нәтижесінде Степан Бабич /аты, жөні өзгертілген/ 1945 жылы Донецк қаласында белгісіз бір кісілердің қастандығынан қаза тапқаны, жанында жеке басының құжаттары жоқ болып шыққаны туралы ақпарат алады. Біздің чекистерде Татьяновкадағы Бабич, басқа кісінің атымен бүркемеленіп жүрген кісі болуы мүмкін деген күдік туындайды.
Бабичті тексеру жандана түседі, оған Мәскеуден Одақтық МҚК әскери қарсы барлау органдарының қызметкерлері де қатысады. Бабичтің жеке басын анықтау үшін оның фотосуреті Донецк қаласындағы сенімді тұлғаларға  тануға ұсынылады. Осындай көптеген оперативтік жұмыстардың нәтижесінде, тексеріліп жатқан кісіміз Смоленск облысында туған, Кондратьев Николай Константинович /аты, жөні өзгертілген/, сатқын, кезінде немістердің арнайы органының агенті, соғыс кезінде солардың арнайы "Абвер" мектебін бітірген, құпия ақпарат жинаудың маманы, соғыс кезінде біздің тылға десантталғандығы анықталады. Соғыстан кейін Кондратьевпен АҚШ-тың барлау органы байланыс жасап, оны өз мақсаттарына пайдаланыпты.
Кез келген ракеталарды нысанаға дәл тигізу құралын анықтап білу үшін АҚШ-тың ОББ органы Кондратьевке жұмысын Татьяновкіде жал-ғастыру туралы тапсырма берген екен.
Ал, бұл жансыз адамның ОББ-ның тапсырмаларын қалай орындап тұрғаны туралы оның, жоғарыда айтылғандай, қарсылас жаққа берген ақпараттарынан да аңғаруға болады.
Бір күндері Орталықтан арнайы адамдар келіп Кондратьевті жасырын түрде, сезіксіз сылтаумен Мәскеуге алып кетіпті. Ал, олар болса, оны сол кездегі басты қарсыласының  мақсатын анықтау және оларға жалған мәліметтер беріп тұру үшін пайдаланыпты.
Павел Васильевичпен  әңгіме үстінде,  қабырғада ілулі тұрған майлы бояумен салынып, шеті әшекейлі жиектемемен көмкерілген суретке көзім түсті. "Мынау искусство-ның үздік бір жауһары екен" деп таң қалып қарап тұрғанымды байқап, сұхбаттасым оның шыққан тарихын айта бастады.
Елуінші жылдардың орта кезінде жұмыс бабы оны көзге көрінбейтін майданның  сенімді тұлғасы, өмірдің тәлкегін талай басынан өткізген Коробко Николай, оның тағы бір аты Бондарь Александр Эдуардович деген кісімен кездестіріпті. Содан бері біраз жылдар өтіп, әр қалада тұрып жатса да, олар бір бірін туған күндерімен құттықтап, амандықтарын біліп жатады екен.
Сол жылдары Одақтық МҚК-нің барлау бас басқармасы Куба мемлекетінен алынған оперативтік ақпаратқа сүйене отырып, Қостанай облысында басты қарсылас мемлекеттің тыңшысы жұмыс істейтіндігі туралы хабарлапты.
Соғыс жылдары АҚШ-тың осы органы біздің азаматтардан, әсіресе, сотталғандардың іші-нен, полиция, жандармерия агенттерінен, жансыз жұмысқа тыңшылар тартып, оларды ұзақ жылдар біздің елде нақтылы бір көрсетілген жерді мекендеп, өзіне күдік туғызбай, сол жерге "сіңіп" кетуге  тапсырма беретін көрінеді. 20-25 жылдан кейін, керек болған кезде олар өз міндеттерін орындауға тиіс екен.
Осындай ұзақ жылдардан кейін "оянған" ЦРУ-дың агентін Қостанай облысынан іздеп табу Даценкоға жүктеледі. Басқармалықтың басқа да қызметтерін бір бағытта топтастырып жұмыс істеудің арқасында ондай кісі Қостанай қаласынан табылады. Ол кісінің аты Рванович /өзгертілген/, 25 жылға сотталып, мерзімді уақытын бұрын амнистияға/ рақымшылық/  ілініп бостандыққа шыққан ол, Қостанайдың шет жағында, бір жалғызбасты әйелге үйленіп, бір дүкенге күзетші болып жұмысқа тұрып,өзіне сезік туғызбай өмір сүріп жатады. Бұл кісі соғыс кезінде немістер басып алған Белоруссияның Столино деген қаласында полицияның бастығы болып жұмыс жасапты.  Ол сол қалада тыңшылық жұмыстар жүргізумен айналысып, көптеген біздің азаматтарымызды қамауға алуға, азаптауға және дарға асуға тікелей қатысқан жендет екен.
Батистік Кубаның аумағында жұмыс істейтін АҚШ-тың барлау органының резидентурасынан алынған ақпаратқа қарағанда, біздегі Рвановичте өзінің Белоруссиядағы үйінің фотосуретінің жартысы сақталуға тиіс көрінеді. Ал, суреттің екінші жартысы Кубада тұрып жатқан, барлау органымен байланысты, оның ағасында болыпты. Күндердің бір күнінде біздегі Рвановичпен байланыс жасауға келген барлаушы,оған суреттің өзіндегі жартысын ұсынуға тиіс екен. Осы екі жарты суретті қосқанда бір бүтін шықса, ол пароль орнына жүретін өзара келісім болыпты.
Рванович сөзге сараң, қалада ешкіммен аралас-құраласы жоқ, үйіне ешкімді жібермейтін, әйелі де күйеуінің өктеміндегі кісі болып шығыпты.
Ғалихан  Мәулетов
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓