Айт қабыл болсын!
Отыз күн ораза тұтқан ағайын үш күннен бері айт мерекесін тойлап жатыр. Жылдағыдай емес биылғы рамазан айында Қостанай өңірінде ауыз бекіткендердің қатары көбейген.
Осы ораза күндері барлық имандылық үйлерінде ауызашарлар мен қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. өйткені, бұл мереке ерекше. ерекшелігі сол, әрбір мұсылман баласын иманға ұйытып, халықты қайырлы іс жасауға үндейді. Көршіге көмектесу, мұқтажға қол ұшын беру, тіпті жетімнің басынан сипап, өзгелерге жылы шырай таныту да мол сауапқа кенелтеді. Ораза айт қабыл болсын, ағайын!
Айбек Кәдірұлы
суретті түсірген Бағдат Ахметбеков