Жарыс тартысты өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарыстар Лисаков қаласында да өтті. Бұл жолы президенттік көпсайыстың жазғы түрлері бойынша жарыс жолына шыққандар үшінші кезеңнің Кубогын сарапқа салды. Нәтижесінде облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға алаң иелері – Кеншілер қаласының спортшылары жайғасты. Үздік үштікті Қостанайдағы "ЧелГУ" командасы түйіндеді.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ