Тәуелсіздік күніне арналады

16ju

Облысымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтуге арналған мерекелік шаралар басталып та кетті. Мектептер мен кітапханаларда тақырыптық кештер, мерекелік концерттер, көрмелер мен конкурстар ұйымдастырылуда.
12 желтоқсан күні Қостанайда қалалық балалар шығармашылығы мекте-бінде "Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан" атты мерекелік бағдарлама қойылады (сағат 15.00). 
15 желтоқсанда Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында  облыс әкімі Н.Садуақасовтың  қатысуымен салтанатты жиналыс болады (сағат 14.00). 16 желтоқсан күні сити орталықта  өнер ұжымдарының қатысуымен  болатын "Туған елім – Тәуелсіз Қазақстан" мерекелік бағдарламасын тамашалай аласыздар(сағат 12.00).   
Тәуелсіздік күніне орай спорттық шаралар да ұйымдастырылады. 14-15 желтоқсанда "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамында самбодан қала біріншілігі (сағат 10.00), ал  15 желтоқсанда шахмат клубында тоғызқұмалақтан қала кубогына жарыс  өткізіледі (сағат 10.00). Көркемөнер мектебінде "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбына арналған балалар шығармаларының конкурс-көрмесі  20 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓