Туған өлкенің тұңғиық сыры

книга  Орманова Куаныша цвЖақында Алматының «Білім» баспасынан қостанайлық журналист, өлкетанушы Қуаныш Ормановтың «Ел мен жер және тұлғалар тарихы» атты танымдық зерт-теу кітабы жарық көрді.
Қостанай-Торғай өлкесі тарихының тамыры тым тереңде жатқаны белгілі. Сонау Нұқ пайғамбар заманынан бастап, бүгінге дейін осы өлкеде болып өткен тарихи оқиғалар мен осы өлке ұландарының адамзат өркениеті-не қосқан үлестерін саралап, салмақтайтын болсақ, бұл жерді «тарихтың тастап кеткен арбасындай» деуге болады. Кітап авторы бұл өлке ұландарының адамзат өркениетіне қосқан үлес-терін сонау Египет, Грекиядан еш кем емес деген тұжырым жасайды. Әттеген-айы сол, Торғай өлкесі ұландарының сол еңбектері, қол жеткен табыстары терең зерттелмей, насихатталмай, бүгінге дейін беттері толық ашылмай келеді.
Қуаныш Ормановтың бұл жаңа кітабы сол олқылықтардың аздап болса да орнын толтырады деген сенім бар.
Туындының «Табиғат тамашалары және біздің дәуірге дейінгі тарих», «Жаңа дәуір басынан бүгінге дейін», «Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы», «Дауылды дүрбелең» тарауларында  туған өлкенің өткені мен бүгінгісі туралы тың ойлар айтылады. Бұдан бұрынғы  жарық көрген тарихи-танымдық еңбектер автордың зерделі сараптауынан өтеді.
«Жер-судың аты – тарихтың хаты» бөлімінде топонимдер тарихына үңіледі. Бұрын отар бол-ған кез келген халық тәуелсіздік алған соң өзінің тұнық бастауын  іздейді, тарихи әділеттікті қалпына келтіруге тырысады. Ал бұл орайдағы жұмыс сол жер-су аттарын қайта зерделеуден басталса керек. Автордың бұл бағыттағы пайымы көңілге қонады, оқырманның қолдауына ие болады деген ойдамыз.
Кітаптың ең бір ұтымды тұсы – ел тұтқалары мен тұлғалар туралы тарауы. Осы өңірден шыққан атақты адамдар туралы қысқа да нұсқа пайымдаулардың кейінгі жастарға танымдық-тәрбиелік мәні орасан.
Бұл еңбек Қостанай мемлекеттік педагогика институты Қазақстан тарихы кафедрасында тал-қыланып, облыстағы жоғары, орта оқу орындары мен мектептерде өлкетану пәнінің негізгі оқу құралы ретінде ұсынылған.
Жобаның ғылыми жетекшісі белгілі жазушы, тарихшы Қойшығара Салғараұлы, пікір жазған профессорлар Ж.Таймағамбетов пен Т.Ахметов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓