Колледж ұстаздары білімдерін жетілдірді

44861

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ Қостанай облыстық филиалы жақында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұстаздарына біліктіліктерін арттырғандықтарын айғақтайтын арнайы сертификаттарды табыс етті.
  Бір ерекшелігі маңызды құжатқа ұстаздар қауымы алысқа ат сабылтпай-ақ, өздері күнделікті шәкірттеріне білім беріп жүрген колледж қабырғасында оқып, қол жеткізді. 
–  Талап бойынша мұғалімдер бес жыл сайын біліктілікті арттыру курсынан өтіп тұруы керек. Көбісі өте алмайды. Себебі, жол қаражаттары бола бермейді. Екі апта бойы сырт жерде жүру кімге де болсын оңай шаруа емес. Отбасын, бала-шағасын қалдырып кете алмайды. Сол себепті біз "Өрлеуге" ұсыныс жасаған едік. Ұсынысымыз аяқсыз қалмады. Мұндай мүмкіндік жасалмағанда 25 адамды бірдей уақытша болса да жұмыстан босата алмас едік. Жекелеген жағдайда да қаншама уақыт, қаншама күш жұмсалады. Сондықтан, лекторлардың келіп, сертификат беруі ұстаздар үшін өте маңызды шара саналып тұр, – дейді колледж басшысы Сабыржан Тасмағанбет.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓