Алимент әке бола ма?..

1374754746_1Біздің елімізде ана мен баланы қорғауға, отбасы институтын қолдауға ерекше көңіл бөлінген. 2014 жылдың бірінші желтоқсанына дейін бөлімдегі атқарушылық құжат саны 5 113 құрайды.
Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу ортақ болып қалады. Өкінішке қарай, бұл жауапкершілікті ортақ мүдде деп түсінетін азаматтардың қатары сирек. Тәжірибе көрсеткендей, отбасы ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар мүлдем бөтен адамдардай болып кетеді. 
Егер адал алимент төлеуші болсаң, бұрынғы екінші жартыңның арасындағы түсінісбеушілікке қарамастан өз балаңның тағдырын ойлап, оның алдағы болашағын ойлағаның жөн. Ал баламен кездестірмеу мәселесін кейіннен сотқа шағымдану арқылы да шешуге болады.
Бүгінгі таңда бөлімде сот орындаушыларының бақылауына алынған 50 өндіріс ісі бар. Сот орындаушылары заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мамандардың қатысуымен  баланы туған ата-анасымен кездестіруді де бақылауға алған. 
Бірде біздің бөлімге әкесі тастап кеткен баласының қымбат тұрмыстық техниканы бір жүздесуге айырбастау талабын қойғанын айтып келді. Ешкімге де жұмбақ емес, отбасы адами құндылық, әдеп-ғұрып, отанын сүюден басталатыны. Әке-шешесінің жақсы жағын көріп өскен баланың болашағы да жарқын. Ал осындай келеңсіз жағдайды көріп өскен баланың алдағы уақытта ата-анасының тағдырын қайталамасқа кім кепіл?   
Біздің алдымызда өз елінің тарихын сыйлауға, отбасы принципін түсінетін келешек ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр. Сондықтан сот орындаушылары, алименттерін уақтылы төлеу туралы қайтадан ескерту жасауын тоқтатпайды.
А.ТІЛЕУҒАБЫЛОВА,
облыстық әділет департаменті алимент өндіріп алу бөлімінің жетекшісі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓