Жасөспірімдер тәрбиесі

ERA_6523

Қаладағы №9 орта мектепте "5-6-7-8-9 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында жалпы республикалық конференция өтті.
Іс-шарада жасөспірім баланы сауатты  тәрбиелеу  ережелері  талқыланды. Мектеп психологтары жасөспірімдік шақтағы ұл мен қызды дұрыс тәрбиелеудің жолдарын айтып берді.
Жасөспірімдік жас (10-14 жас) бала мен оның ата-анасының өміріндегі ең күрделі әрі жауапты кезең. Бұл жаста баланың бойында физиологиялық өзгерістер пайда болады. Ағзаның есею процесінде жүйке жүйесі де түрленеді. Бала қызбалық танытып, ересектерге себепсіз қарсы шыға бастайды. Аталмыш мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байқадамованың айтуынша, ондай сәттері ата-ана баламен сырласып, достаса білгені дұрыс.  
 – Елдің өркендеуі, дамуы бүгінгі балаларға байланысты. Жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан жасөспірімдерді тәрбиелеп дұрыс жолға салуымыз  керек. Ата-ана бала тәрбиесінде қаталдық танытпағаны жөн. Әсіресе, жасөспірімдермен барынша сыпайы болып, шыдамдылықпен сөйлесе білуі керек, – деді №9 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбейне Скендирова.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓