Ардагерлер Жолдауды талдады
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала ардагерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын күн тәртібіне қойды. Келелі кеңесте қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Ақан баяндама жасап, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Қонысбай Ағуанов, Жәнібек Ғапбасұлы, Жұмағали Өмірбек, Орекен Алматтар жарыссөзге шықты.
– Президенттің "Алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың түйіні болмақ" – дегені, барлық қазақстандықтардың ойынан шықты. Көлікті – логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға берген нақты тапсырмасында Қазақстан аймағының өзара байланысын жақсарту еліміздің ішкі әлеуетін арттыратынын да баса айт-ты. Аталған автожолдардың ішінде бірінші кезекте салынатын жолдардың бірі, бізге байланысты "Астана–Ақтөбе–Атырау" бағытындағы жол. Бұл жол, біріншіден, еліміздің жүрегі Астанамен байланыстырса, екіншіден, біздің Арқалық қаласы арқылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданымен тас жол арқылы байланыс болады деген сөз. Олай болса осы тас жолдар бойында бірнеше автобекеттер мен басқа да инфрақұрылымдар бой көтерері анық. Жол бойын мекендеген елдің әлеуеті жақсарып, жұмыссыздық азаяды, – деді баяндама жасаған Кәки Шәріпұлы.
Жолдауды талқылаған ардагерлер де Елбасының кешенді жоспарын тілге тиек ете келе оны жалпы халық болып қолдау керектігін айтты. Әркім қолынан келген ісін тиянақты атқарып, елге-жерге жанашыр болса ортақ мүддеге үлес қосқаны. Ұлттық құндылықтарды сақтау, жастарды отансүйгіштікке тірбиелеу аға ұрпақтың алға қойған биік мақсаты болуы тиіс. Қала тазалығын сақтау, құрылыс нысандарына қамқорлықпен қарау кезек күттірмейтін іс.
Ардагерлер ұйымының жалпы жиналысы баяндамашы мен жарыс-сөзге шығушылардың сөздерін қорытындылай келе "Елбасының Жол-дауды бірауыздан мақұлдансын және осы маңызды құжатты халық арасында кеңінен насихаттауға жұмылдырылған үгіт-насихат топтарының құрамына тыл және еңбек ардагерлері кеңінен қарастырылсын" деген қаулы қабылдады.
Жиналысқа қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, "Нұр Отан" партиясы мен жастар ұйымының және БАҚ өкілдері қа- тысты.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: Ардагерлер.
Суретті түсірген автор.