М.Дулатұлы бірлестігіне – 5 жыл

DSCF7339

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасынан құрылған М.Дулатұлы атындағы әдеби-мәдени бірлестігінің 5 жылдық мерекесі апталық шаралармен айшықталды. Институттың педагогика және филология факультетінің деканы, ғалым, ақтаңгер айтыскер ақын Айбек Қалиев жетекшілік жасайтын бірлестік бес жылдың ішінде талай биіктерді бағындырып үлгірді.
Апталық барысында бірлестіктің: "Жас қалам" (поэзия, көркем сөз), "Қаламгер азамат" (Журналистика), "Ақиқат" (Дебат), "Топжарған" (Айтыс), "Домбыра-дастан" (Дәстүрлі ән), "Руханият" (Театр), "Ұландар" (КВН), "Еркеназ" (Би), Жұлдыз (Ән) сынды салалары өз өнерлерін паш етіп, көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓