Мектептегі мерейлі іс
Мектептерімізде өткізілетін қай шараны алмайық, қай-қайсысының болмасын өзіндік тәрбиелік маңызы болары сөзсіз. Сондықтан да осымен екінші рет бұл мектепте өткізіліп отырған іс-шара оқушылар, ата-аналар, педагогтар үшін үлкен ынталандыру болса, екіншіден, мектеп әкімшілігінің өз жұмыстарын қалай атқарғандығы жөніндегі бір жылғы есеп беруі. Әрине, осындай шараға мектеп директоры Жантөре Исқақов бастамашы болып отыр.
Салтанатты кешке қонақтар да, ата-аналар да, тұрақты демеушілер де көп жиналды. Оқушылар өздерінің өнерлерін жұртшылыққа тарту етіп, сыйлады. Бұл "Номинация-2014"-тің негізгі өзегі сол, білім байқаулары мен сайыстарда өздерінің педагогикалық шығармашылықтарын көрсетіп, талапты оқушыларды даярлаған пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері, сонымен бірге спорттық жарыстар мен білім олимпиадасында, ғылыми сайыстарда ғылыми жұмыстарын үздік қорғаған, әдеби таланттарын көрсете білген оқушылар марапатталды. Солардың ішінде, Тәуелсіздік күніне орай ақындар сайысында және пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиетінен үшінші орынға ие болып, ғылыми жұмысын жақсы қорғаған 5 "А" сынып оқушысы Дана Тынымбай, пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиетінен бірінші орын алған 8 "А" сынып оқушысы Жұлдыз Қалиева, КВН командасының мүшесі және қазақ тілі мен әдебиетінен жоғары орын иегері 9 сынып оқушысы Салтанат Қабденова, пән олимпиадасының жеңімпазы 10 сынып оқушысы Насиба Мадалиева, тоғызқұмалақ, теннис ойыны бойынша қалалық жарыста 9 сынып оқушылары С.Едіресов, С.Төкен сонымен қоса түрлі спорт жа-рыстарында жеңімпаз атанған Медет Қарабеков, Мүсілім Қалиқан, Айбек Сейтбек, Мирас Мұқтаров, Нұрсұлтан Кәрібаев сынды 9 сынып оқушылары бар. Ал, сондай шәкірттері білім жеңімпаздары атанып жатса, қай ұстаз, ата-ана болмасын қуанары әбден. Осындай шәкірттерді даярлаған ұстаздар есімдерін мысалы, Ж.Бекентаевты, М.Жақияны, Г.Сұлтанғалиеваны атасақ, ол артық болмас деп ойлаймыз. Сонымен бірге осы мерекеде ата-аналар да марапатқа ие болды.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: марапатқа ие болған бір топ оқушылар.
Міне, осындай атпен Қостанай қаласындағы №115 орта мектебінде салтанатты шара болып өтті.