Рудныйдың бас жоспары мақұлданды

Таяуда облыстық мәслихаттың депутаттары жоғары қарқында дамып жатқан Рудный қаласының бас жоспарын бірауыздан мақұлдап, аталған шаһардың сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Наталья Березинаны тыңдады.
рудный Оның сөзіне сүйенсек, келер жылдың соңына дейін Рудный өндірістік-индустриалды аймаққа айналатын көрінеді. Бұл аймаққа жүзден артық кәсіпорындар шоғырланып, шағын қаланың жаңа бір тынысын ашады. Бас жоспардың жобасын "Нұр Құрылыс–80" ЖШС жасаған екен.
Сондай-ақ, өндірістік-индустриалды аймақпен қатар қаланың сәнін келтіруге де бірнеше өзге-рістер енгізіліпті. Жобаны мойнына алған кәсіпорынның бас инженері Әділет Темірбаев бұған өз пікірін айтты.
– Кешегі Кеңес заманынан бермен қарай қаланың бас жоспары жасалмаған. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазір Елбасы шағын қалалардың дамуына көңіл бөліп отыр. Арнайы бағдарлама да енгізілген. Соған сәйкес елімізде бірнеше шағын қалалар дамып, тынысы кеңейіп келеді. Бұл бас жоспар 2046 жылға дейін жасалып, есептелінген,– деді Әділет Темірбаев мәжіліске жи-налған халық қалаулыларына.
Енді Рудный шаһарының осы бір бас жоспарына қазынадан қанша қаражат қаралды дейсіздер ғой?! Айтайық, ел күткен жобаны іске асыруға әрі шағын қала деген атына сай болғандықтан 143 млн.теңгенің басын құраған қыруар қаржы игі іске жұмсалмақ. Бірауыздан мақұлданған бас жоспарға депутаттар "нәті, жақсы болып, ел игілігіне жараса екен!" деген тілек айтты. Біздің де ниет сондай.
Айтпақшы, әлгі айтқан жобаға қала іргесіндегі Балықты мен Сергеевка елді мекендері де кіретін көрінеді. Бұны естіген жергілікті тұрғындар да дән риза екен. Иә, алдағыға уақыт төреші ғой!..
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓