“Домбыра – думанға” асығыңыз!

КонвертБүгін "Қостанай таңы" газетінің ұжымы "Домбыра думан" шарасын өткізеді.
"Домбыра – думан" – біздің газетіміздің төл бастамасы. Негізгі мақсаты – қазақы ортаны қалыптастырып, ұлттық өнерді дәріптеу. Алғашқы жоба қазан айының 23-де өткен болатын. Оған қаламыздағы ЖОО-ның студенттері, мектеп оқушылары және аға буын өкілдері де қатысты. Жиналғандар өз ынтасымен сахнаға шығып, ән мен күйден шашу шашты. Екінші мәрте өткелі отырған іс-шара жаңа бағдарлама ұсынады. Іс-шараның өтетін орны: 9 желтоқсан, сағат 19.00-де МАРТ сауда, ойын-сауық орталығының 3 қабаты. Ұлттық өнерді дәріптеген игі бастамасы  "Домбыра – думанның" қызығынан құр қалмаңыз!                                                
 Редакция.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓