Еңбек нарығындағы ахуал тұрақты

        Облыс экономикасындағы көрсеткіштердің өсімі әлеуметтік саладағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Жаңа жұмыс орындарын құру жолымен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелерін шешуге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған  «Еңбек» бағдарламасын іске асыру да ықпал етеді. 2019 жылы 7,7 млрд теңге игерілген.5e8d07bd56ad6be53c0e2296b9cc83dc-400x265
Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарын табысты іске асырудың арқасында жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларға жоспардағы 24,7 мың адамның орнына  32,0 мың адам тартылды. Бұл мерзімді кезеңмен салыстырғанда 30%-ке артық орындалды деген сөз. Өткен жылы өңірде 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке азайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш 4,8%-ке тең.
Орташа жалақы көлемі 15,6%-ке өсті немесе 140 309 тенге шамасында.
"-Келтірілген мәліметтерді саралай келе 2019 жыл сәтті аяқталды деуге негіз бар. Экономиканың барлық саласында көрсеткіштер жоғары. Енді биыл осы межеден аспасақ, кемітпеуіміз керек",-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓