Жұмыссыздық деңгейі төмендейді

жұмыс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауын талқылау және түсіндіру мақсатында өңірімізге Республикалық ақпараттық насихат тобы мүшелері ат басын бұрды. Мұның ішінде Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов, Мәжіліс депутаты Ольга Киколенко және тағы басқа да азаматтар бар.
Олар Лисаков, Қостанай қалалары мен Октябрь, Таран ауылдары мен Тобыл кентінде болып жергілікті халықпен кездесті.
Қостанай қаласындағы талқылау сәтінде Ольга Киколенко аталған Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды.
– Бұл құжатта Президент ұсынған жаңа экономикалық саясат басты назарға алынып отыр. Және бұл кездейсоқ емес, себебі, қазір ғалам экономикалық сипаттағы жаңа қатерлермен бетпе-бет келуде. Ол – қаржылық дағдарыс, әлемдік экономиканың құлдырауы, ірі державалардың геосаяси дағдарысы, – деді халық қа-лаулысы.
Одан әрі еліміздің болашақтағы атқаратын айқын істерін, Жолдаудағы жоспарларды жүзеге асырудан жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, апатты мектептер мәселелерінің шешілуі, балабақшалардың жетіспеушілігі азаятынын әңгімелеп берді.
– Мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті белсенді қолдауы қуантады. Алдағы жылы осы мақсаттар үшін қосымша қыруар қаржы бөлінетінін Елбасы атап өтті. Сондай-ақ, аталған экономикалық саясат нәтижесінде 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – деп баяндап берді О.Киколенко.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓