Ата-аналарға көмек

2014 жылғы  6 желтоқсанда   бір мезгілде еліміздің он сегіз қаласында  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі  ұлттық  комиссияның, "Нұр Отан" партиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "5-6-7 сыныптар жасөспірімдерінің ата-аналарына психологиялық көмек" атты  бірыңғай  республикалық ата-аналар конференциясы өтті.
IMG_6978Ал, біздің өңірде конференция негізінен Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гимназиясы мен  №№ 4, 6, 7, 8, 9, 11, 16, 17, 19 орта мектептерінде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жалпы республика бойынша оған   жүз мыңнан астам оқушылардың ата-аналары, сондай-ақ  Отбасылық тәрбиелеу институт түлектері болып табылатын үш жүз отбасылық психолог мамандар қатысты.
Республикалық ата-аналар конференциясы жалпыадамзаттық және отбасылық құндылықтарды  қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістемелерді пайдаланылатын болады.
Мамандардың айтуынша, бұл ата-аналар конференцияның басты мақсаты – орта буында  5-7 сынып оқушыларын оңалту сұрақтары бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, мектеп оқушысының тұлғалылығын қалыптастыру мен дамыту. Конференцияның қорытындысы бойынша ата-аналардан арнайы сауалнама алынды, сондай-ақ ата-аналарға 5-7 сыныпта оқитын оқушы балалары үшін қолдау көрсететін жадынамалар мен ұсыныстар берілді.
Гүлназым
        САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓