Ашық есік күні өтті
Өңірдің Білім басқармасының жұмысымен танысуға келген облыс орталығының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, ата-аналар қоғамдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сияқты қонақтарды қабылдады.
Білім беру саласындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл – жүйені дамытудың маңызды элементі. Ашық есік күні қонақтар арасында «Жайдарлы Жастар» ҚҚ Марғұлан Бәкір, «Әйелдер күштері Альянсы» Людмила Должикова, «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Серік Манасбаев, «Sanaly Urpaq – 2050» ҚҚ төрағасы Нұрбек Әбдібеков болды. Кездесу барысында олар ынтымақтастықты жандандыру туралы көптеген идеялар мен ұсыныстар айтқан болатын.
Басқарма басшысы Зәуре Байменова білім беру саласы облысымыздың әрбір тұрғынына қатысты екенін атап өтіп, басқарма қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бүгінгі күні білім беру желісі 802 ұйымды құрайды, оның ішінде балабақшалар, мектептер, колледждер, арнайы және қосымша білім беру ұйымдары, онда 165 мыңға жуық бала мен студент білім алып, тәрбиеленеді. Бұнда 36 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 20 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.
Қолжетімді және сапалы білім беру үшін негізінен электрондық форматта 34 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалау өңірлік орталығының жетекшісі Ольга Козлюк егжей-тегжейлі баяндады.
Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков пен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Анжела Әлжанова осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, онда әрбір адам басшыға тікелей сұрақ қойып, мемлекеттік органдардың жұмысын өз көзімен көре алады.
Басқарманың жұмысымен толығырақ танысу үшін қонақтар басқарманың негізгі бөлімдеріне экскурсия жүргізді.