Мақсатына жеткен профессор Кәрбоз Жапаров туралы сөз
Ұлы Ахаң атындағы университетте ғылым мен тәжірибені ұштастырған небір талантты тұлғалар еңбек етеді. Солардың бірі – экономика ғылымының докторы, профессор Кәрбоз Жапаров.
Кәрбоз Жапаров 1944 жылдың 24-маусымында Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Қызбел ауылының Қоңыраулы өзенінің бойындағы Толтан түбегінде туып, балалық бал дәуренін Торғай өңіріндегі әйгілі Шақшақ Жәнібек тарханның саржайлау мекені болған Тосын құмының шағыл төбелерінің арасында өткізген. Ол қазақ жастарының соғыстан кейінгі студенттік өмірдің қиындығымен қатар қызығын бастан кешірген жан. Экономика ғылымын жаңа тиімді бағыттармен байытқан ғалым. Зерттеуінің негізгі бағыттары: банк ісін, бухгалтерлік есеп және аудит әдістерін жетілдіру, бухгалтерлік есеп және аудиттің халықаралық стандарттары, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мен жетілдіру, аймақтық азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесіндегі аграрлық өндірістің тұрақтылығы. Қиыр шеттегі Сары Тосын – ұлттық тарихымыздың талай жарқын беттерін жаз-ған шежірелі өлке. Дүлдүл ақындар мен абзал азаматтарды өмір көкжиегіне самғатқан тәлімді тәрбиенің ұясы. Осы ауылдағы С.М.Киров атындағы орта мектебін (1961), Қазақтың мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген (1966). С.Б.Бәйішев, Я.Ә.Әубәкіров, М.Е.Бутин, С.А.Нейштадт, И.М.Бровер, Ц.Л.Фридман, В.К.Радостовец, Т.Ш.Шәукенбаев, Д.Қ.Қабдиев, К.Оқаев, К.Нәрібаев,т.б.экономика алыптарының алдынан дәріс алған. Кафедра меңгерушісі әрі ғылыми ұстазы белгілі мемлекет қайраткері, дарынды ғалым Мәжікен Бутин болды. Өр мінезді өжет Мәкең жастардың шынайы қамқоры еді. "Мен Мәжікен Есенұлын өзіме мәңгі үлгі тұтамын" деген ғалым сөзінде біраз сырдың ұштығы жатқандай. К.Жапарұлы ғылым мен тәжірибені ұштастыра білген жан. Жоғары оқу орнын бітірген соң туған елге оралып, "Шобанкөл", "Речной" кеншарларында бас экономист болып істеді. Жастайынан белгілі экономист ғалымдардың дәрістерін көкейге түйіп өскен ол өз мамандығының ауыр болатынын да сезінді. Осындай қиыншылықтың күтіп тұрганын біле тұра ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арт-тыру жолдарын іздеу – ғалымның біліктілігін ғана емес, жүректілігін көрсетеді. Еңбекте Қ.Қ.Тұрғымбаев, Қ.Мананов сия-қты ел ағаларымен бірге жүріп, өмір мектебінен өтті. Аспирантураға қабылданған ол есеп ғылымының қия жолымен биік шыңның басына қарай берік қадам жасады. Талмас талап, таусылмас жігердің арқасында ғана қол жететін ғылым бәйтерегінің жемісін тапқан ол экономика ғылымының кандидаты атағын сәтті қорғап шықты. Талантына талабы сай жігерлі жастың ғылым жолын қалауына белгілі ғалым Құрманов Ғабиден Шахманұлы жетекшілік етті. Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы мен оны ұйымдастыру ғылыми – зерттеу институтында ғылыми қызметте жүргенде ойынан туған өлкесі бір кеткен емес."Азамат болып өмірге келген соң сол кіндік қаны тамған қасиетті өлкенің қандай болса да қажетіне жарасам-ау" деген ойдың құшағына жиі шомылатын ғалым 1979 жылы Қостанай ауыл шаруашылық институтына қызметке орналасты. Бухгалтерлік есеп және аудит құжырасының негізін қалаушы (1979), оқу ісінің ұйымдастырушысы және жоғары білікті педагог ретінде ол өзін көрсетті. Ол жоғары оқу орнының оқытушысы болудың аса жауапты жұмыс жоқ екенін түсіне отырып, педагогтық қабілетін арт-тыруға үлкен күш салды. Оқытушының білімі мен шеберлігі біте қайнасқан уақытта ғана ол айтулы ұстазға айналатынын еш уақыт есінен шығарған жоқ. Оқыту әдістемелерін, жастар алдында сөйлеу мәнерін, студенттер арасында тәрбиелік жұмысты жүргізу түрлерін талмай үйренді, 30 жыл бойы кафедра меңгеруші қызметін атқарып, доцент (1982), профессор (1998) атағына ие болды. Сабақ мазмұнын күн сайын толықтыра түсіп, тыңдаушыларына аз да болса жаңа материалдар мен ақпарлар беріп отыруды әдетке айналдырды. Ол оқыған дәрістер мен семинар сабақтары қызықты өтетін. Ол теорияны өндіріс тәжірибесімен ұтымды ұштастырады, сабақты биік деңгейде жүргізеді, өзінің ғылыми мамандығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады, нарықтық есеп, экономика теориясы мен тәжірибесін бес саусағындай біледі, мәдени ой-өрісі кең, үлкен әдістемеші. К.Жапарұлының кісілік қадір-қасиетін алабөтен даралап тұратын өнегелі бір мінезі – ол өзінің ғылыми-тәжірибе қызмет жағынан жетілуіне рухани қолдау көрсеткен адамдарды ылғи да ыстық сезіммен еске алып отырады. Оның ғылыми мүддесі мен өмірлік айқындамасын қалыптастыруға аса көрнекті ғалымдар: С.Б.Бәйішев, Ғ.Ш. Құрманов, М.Е. Бутин, Ж.Б.Балапанов, С. Байзақов, М.С.Бай-мұратов, М.Б.Кежегузин, С.С.Сатыбалдин, Ө.М.Сұлтанғазин, Ш.Шаяхметов, Ғ.Р.Мәдиев және еңбек ардагерлері Қ.Қ. Тұрғымбаев, Қ.Мананов, т.б. ықпал етті. Кәрбоз Жапарұлы елінің тәуелсіздігі, бақытты болашағы жолында қол бастаған, ақылы асқан, сөзге берік, парасатты киелі бабасы Бекбаулы Өтейұлын қазақ жұртының қастерлі қаласы Түркістандағы Қожа Ахмет кесенесіндегі қасиетті тақтаға жазуға, баба ерлігін насихаттауға демеушілік жасап, мұрындық болды. Ел қорғаны, ру ба-сы Өтей тарихының тамыршысы болып, көп ізденді. Оның ер-лігін, қайраткерлігін ұлықтауда жасаған еңбегі ерекше. Ру басының қабірін тауып, басын қарайтуға, аруағына бағыштап ас беруге оның ұйым-дастырып, бас болуы ерекше өнеге. Өмірлік қосағы Мә-дина Бөкейқызы да ғылым жолын қуған жан, профессор. Ерлі-зайыпты ғалымдар ғылымның буырқанған теңізінде желкендерін жайған қос кемедей қатар жүзді. Профессор Жапарұлы зерделі экономист-бухгалтер, ғалым, ұлағатты ұстаз ретінде елге сіңірген ғылыми, ұйымдастырушылық еңбегі нәтижесінде білім беру ісінің үздігі белгісімен (1996) және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін құрметті қызметкері атағымен марапатталды (2010). Өлкедегі М. Дулатов атындағы университеттің ашылуына көп еңбек сіңірді. Осы институттың алғашқы ректоры (1997-2000). Астанада өткен Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінің (2004), бухгалтерлер мен аудиторлардың I (2007) және II (2009) халық-аралық құрылтайларының құрметті делегаты. Ұстаздың Қостанайға келіп еңбек еткеніне 35 жыл уақыт өтіпті. Өмір ағыны ағаны келер күндерге жетелеп, ғалымдыққа, ұстаздыққа, парасаттылыққа тәрбиелеп өсірді. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттерді игерген ұстаз – бұл күнде еліне танымал еңселі азамат. Оның алдынан жүздеген шәкірттер біліммен сусындалды. Көптеген шәкірт-тері орталық және жергілікті мемлекеттік үкімет органдарында, ғылым саласы мен жоғарғы оқу орындарында лауазымды қызмет атқарып жүр. Құжырадағы 10 жас ғалымның диссертацияларын даярлауға қолдау көрсетті. Оның жазған оқу құралдары мен оқулықтары, монографиялары студенттер мен магистранттарға үлкен қолғабыс жасайтын көмекші құралдарына айналды. Ғалымның 200-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбегі бар. Олардың ішінде: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар және көптеген оқу құралдары: "Қаржылық талдау", "Нарық жағдайындағы бухгалтерлік есеп", "Есеп және талдау"; басқа ғалымдармен бірге жазған: "Нарықтық экономиканы ұйымдастыру", "Жер рентасы", "Аграрлық микроэкономика", "Агробизнестің негізі", "Регионалдық аграрлық ортадағы жер қатынасы" кітаптары; жеке өзі жазған монографиялары: "Аграрлық өндірістің тұрақтылығы", "Өндірістік қауіпсіздік жүйесіндегі аграрлық ортадағы тұрақтылық: аймақтық аспект" және басқалары. Қостанай-Торғай өңірінен талай есімі елге танымал экономист ғалымдар шыққан. Олармен үзеңгілес болған К.Жапаров "Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесіндегі аграрлық өндірістің тұрақтылығын көтеру" деген тақырыпқа жазылған докторлық диссертациясын Уралдың мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясының ғылыми кеңесінде қорғады (2004). Бұл еңбектің өміршеңдігін шетелдіктердің де мойындауы – ғылыми еңбегінің нақты белгісінің бірі. Мемлекеттің, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақтылығын көтеру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Осы мәселеде тиянақты пікірлер айта отырып, тұжырымды ойлар келтірді. Ұрпақтың әке жолын қуып, ісін жалғастырғанынан артық қуаныш болмас. Кәрбоздың ұлы Темірлан да болашағынан үміт күттірген жас ғалымдардың бірі. Немерелері Малика мен Дильназды қасына алып отырып, қоңыр домбырасынан күй төккен шақтарында Кәрбоз аға өзінің өткен өмір белестерінің тиянақтылығына риза болады. Ағайдың отбасын танитындар "ғалымдардың шаңырағы" деп те атайды. Ширек ғасырдай университеттің экономика саласындағы 2 кафедрасын қатар басқарған қос ғалымның алдынан тәлім алған шәкірттерінің арасында есімі елге танымал жандар аз емес. Ғалымның мұраты – өз ісін жалғастыратын шәкірт тәрбиелеу болса керек-ті. Сол мұратына жеткен жан да профессор ағамыз. Кафедра меңгерушісі әрі ғылыми ұстазы белгілі мемлекет қайраткері, дарынды ғалым Мәжікен Бутин болды. Өр мінезді өжет Мәкең жастардың шынайы қамқоры еді. "Мен Мәжікен Есенұлын өзіме мәңгі үлгі тұтамын" деген ғалым сөзінде біраз сырдың ұштығы жатқандай. К.Жапарұлының кісілік қадір-қа-сиетін алабөтен даралап тұратын өнегелі бір мінезі – ол өзінің ғылыми-тәжірибе қызмет жағынан жетілуіне рухани қолдау көрсеткен адамдарды ылғи да ыстық сезіммен еске алып отырады. Оның ғылыми мүддесі мен өмірлік айқындамасын қалыптастыруға аса көрнекті ғалымдар: С.Б.Бәйі-шев, Ғ.Ш. Құрманов, М.Е. Бутин, Ж.Б.Балапанов, С. Байзақов, М.С.Баймұратов, М.Б.Кежегузин, С.С.Сатыбалдин, Ө.М.Сұлтанғазин, Ш.Шаяхметов, Ғ.Р.Мәдиев және еңбек ардагерлері Қ.Қ.Тұрғымбаев, Қ.Мананов, т.б. ықпал етті. Өмірлік қосағы Мәдина Бөкейқызы да ғылым жолын қуған жан, профессор. Ерлі-зайыпты ғалымдар ғылымның буырқанған теңізінде желкендерін жайған қос кемедей қатар жүзді.
Сәлім МЕҢДІБАЙ