Індетке ЖОЛ бермейік!..

Біле жүріңіз:
Адам баласының түбіне жетіп, есінен тандырған есірткі ежелден оңай және тез тәуелділікке душар етіп, организмге зиян әкелетін зат ретінде белгілі болған. Бұл затты Ежелгі мысырлықтар балалар мен ересектерге тыныштандырушы зат ретінде қолданған. Тіптен, ауыр халдегі науқастарға ұйықтататын дәрі деп те пайдаланған. 1803 жылы неміс химигі Ф.Сертюнер апиыннан алғашқы алколоиды бөліп алып, грек ұйқы құдайы Морфейдің есіміне арнап "морфин" деп атаған. 1898 жыл Дессер морфиннен химиялық жолмен героинды бөліп алды. Алғашқы кезде героин морфинизмді емдеу үшін қолданылды. Бірақ осы препарат кейін келе күнделікті пайдалануға еніп, естен тандырып, адам баласын жоятын у болып шыға келді.
есірткіМамандардың айтуынша көбіне есірткі заттарын мына себептерге сай қолданады екен.
Оның алғашқысы, әрі ең қауіптісі – қызығу. Немесе дәмін татып көру. Бір көргеннен ештеңе бола қоймас дейтіндер кейін опық жеп, есірткі заттарынан арыла алмайды. Тәуелді болғандарын өздері де түсінбей қалады. "Бір рет көрейін, сосын тастаймын" деп ойлау қате қадам. Бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады. "Ойыннан от шықты" деген осы болар?!
Екіншісі: білімсіздік. Бүгінгі күні қаншама ақпарат тарап жатса да оған мән бермей, тіптен, құлағдар болмау. Есірткіні қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл-желпі қарау сан соқтырып жатады.
Одан арғысы ойын-сауық орындары. Жас кезде не болмайды? Уақытты қызықты өткіземін деп жүріп, түнгі ойын-сауық орындарынан шықпайтын жастар жетіп артылады. Міне, осындай орындарда есірткі заттары астыртын көп таратылады екен. 
Және тағы бір жолы қысым көрсету. Жаман достардың қысым жасауы. Мамандар баланың жанындағы достарын үнемі қадағалап отыруды бекер айтпайды. Және соңғысы айналадағы адамдарға еліктеу. Есірткі шеккендер біреулер үшін тым бақытты болып көрінуі мүмкін. Соларға қарап еліктеу жастарды теріс жолға түсіреді. 
Осылайша есірткіге тәуелді болу өміріңе балта шабу деген сөз. Ал оның зардаптарын айтып тауысу мүмкін болмас.
Мамандар есірткіге тәуелді адамдардың өте ашушаң болатынын айтады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды. Есірткінің организмге тигізетін әсері де өте көп. Ол ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік-күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерге ұрынады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар пайда болады.
– Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;
– Бауыр және бүйрек аурулары;
– Көз көруінің нашарлауы;
– Тыныс алу жүйесінің өзгерістері;
– Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена. Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады.
Әркімнің өмірі тек өз қолында. Қысқа ғана ғұмырды қалай өткіземін десе, еркі біледі. Бірақ, айналамыздағы әр адамға тиісінше көмек беру адамдық парызымыз. Нашақорларға тек мамандар көмек бере алмайды. Мұндай індетке біріккенде ғана қарсы тұра аламыз!
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓