Әуежайда жаттығу өтті

Жаттығудың жоспары бойынша сағат 13.00-де әуежайдың аймағында жолаушы ұшағы "апатқа ұшырады", әуе кемесі екі жаққа бөлінді. Жанармай төгілді және өрт шықты. Өрт сөндірушілер апат болған жерге келіп өртті сөндіруге кірісті. СААШҚЖ құтқарушылары ұшақтың авариялық қону орнын тексерді және жұмыс үшін барлық қажетті арнайы құралдарын қолдана отырып жолаушылар мен экипажды құтқарды. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмегін көрсетті. Өрт уақытында жойылды.
Әуежай әкімшілігі жаттығудың қорытындысын шығара отырып, барлық жауапты қызметкерлердің қойылған тапсырманы барынша жылдам және жедел орындағанын атап өтті.
Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ баспасөз қызметі.