Бүгінгі ауыл осындай

ауыл

Аманкелді ауданы Қарасу  ауылының (бұрынғы, Коммунизм жолы кеңшары) оңтүстік-шығысында бұрын колхоз орталығы, кейіннен кеңшар бөлімшесі болған Ақсай елді мекенінде бүгінде  10 шақты үй мал өсіріп, одан алған өнімін өткізіп күнін көруде. Шағын ауылда  жұмыссыз адам жоқ. Таңның атысынан күннің ба-тысына дейін ауыл тұрғындарында тыным болмайды. Әрқайсысы  өз шаруасымен жүреді. Ауыл тұр-ғындарының алды 300-500-ге дейін қой, 2-3 үйірден жылқы, жүзге тарта ірі қара мал өсірсе, жоқ дегенінде 20-30 қой, 15-20  ірі қарасы бар. Шабындығы ауыл  ір-гесіне тіреліп,  жайылымы жүздеген шақырымға кететін, өрісі кең, шөбі шүйгін, суы, қыста мал тебін-деуге ықтасыны мол қамыс-қоға-сы көп, шаруаға өте қолайлы жер. Кешегі оңтайландыру кезінің қиын шағында электр желілері ұрланып, бағандарын әлдебіреу-лер темір өзекшесін алу үшін бұ-зып әкеткенде де  тұрғылықты ха-лық қаймағын бұзбай, ұйыған қалпында қалды. Кеңес кезінде  Аманкелді, Амантоғай аудандарының екі шаруашылығы қарамағында төл алу, ет, жүн тапсыру, жем-шөп дайындаудан озаттар көшін бастап, жарыстың үне-мі жеңімпазы болатын. Жаугер-шілік заманда жауды қарап, төбесіне  от жағып белгі беру үшін топырақтан үйіліп жасалған, түстік жерден  көрінетін "Қара обаның "ауыл іргесінде болуы, жақын маңайдан VІ ғасырда өмір сүрген   адамдардың пайдаланған құрал-жабдықтары, әшекейлік бұйымдары табылуы бұл маңайды  ықы-лым заманнан ел жайлағанын көрсетсе керек. Осы өңірде жылқысының өзі мыңға жеткен Қисықбас атты бай болған, малын суару үшін қазған арығы кейіннен өзенге айналып, Сарысу  атты су қоймасының бүгінде  ел ризығына айналып отырғанын үлкендер  жағы айтып отырады. Бүгінде  Сарысайдың арнасы кеңіп, сазан, шортан, алабұға, ақбалықтары  жыртылып айрылатын дәрежеге жетті. Жергілікті халық  қолдарына қармағын алып, жұтпа ойнатып ақсазан, шортанын алып,  жағасына бақша егеді.
Қызыл империяның қыран ұшқышы Чкалов есімімен аталатын колхоз шаруашылығы да  дү-рілдеп, ауданның алды болған. Колхоз төрағасы, ауданымыздың атақты азаматтарының бірі, жаңашыл басшы Әнуар Шаймерденов асыл тұқымды мал зауыттарынан аталық мал алдырып, асылдандыру  жұмысын жүргізу нәтижесінде  бұл төңіректегі  малдардың өнімділігі өзгелермен салыстырғанда жоғары болды. Сол кездерде тұрқы есік пен төрдей, кеудесі кең, шоқтығы биік, баяғының  қазан  ат  тұқымындай ірі жылқылар өсіріліп, өзге шаруашылықтарға  сатылатын. Жарық болмай қалған қиын кезде  әуелі Мейрамхан, кейіннен Аманжол ақсақалдар күн көзімен қуат алып жұмыс істейтін, шағын кернеулі қондырғы орнатып радио тыңдап, теледидар көрді. Кейіннен өзге тұрғындар да өркениет игілігін көре бастаған. Ауыл тұрғындары қаражат жинап жоғары жақтардың көмегімен электр жүйесі тартылып, әр үйге жарық келгенде қуанышта шек болмаған. Әр үй "Отау" қондырғысын орнатып, телефон  байланысы іске қосылды. Өзге ел сияқты ғаламтор қызығын  көруде. Осының барлығы кейінгі жылдарда қол жеткен игіліктер.
Биылғы жылы осы ауылда ерекше  оқиға болды. Ауыл ақсақалы Аманжол  Қарин екі қабатты үй салды. Үй болғанда қандай!? Әлдекімдер сияқты ескі құрылыс материалдарын пайдаланбай, Қостанай қаласынан бүгінгі заманға сай соңғы үлгіде шыққан материалдар әкелінді. Астанадан арнайы құрылысшы-шеберлер шақырылып  екі қабатты, сегіз бөлмелі, ваннасы мен туалеті сапалы қымбат таспен өрілген, көк шатырлы, емен есікті, қызыл кірпіш қабырғалы үйді жақында пайдалануға берді. Ақсақалдар ағайын -туыстардың басын қосып, арда емген семіз тайын сойып Аманжол ақсақал құдайы беріп, әйелдер жағы шашу шашып, ел мәре-сәре  болып қалды. Көп жылдар ұстаздық қызмет еткен, сексен асып, тоқсанға аяқ басқан ауыл ақсақалы Мырзабек Қоржынов:
– Еліміздің әлеуеті артып, хал-қымыздың тұрмыс дәрежесі өскенін осы ауылдан-ақ көруге болады. Қарапайым  халық үшін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев барлық жағдайды жасауда. Кеше теледидардан жолдаған "Нұрлы жол" Жолдауында елдің өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде тың талаптар қойды. Осыдан ондаған жыл бұрын құрып кету қауіпі төн-ген ауылда осындай үй салынады десе, сол кезде кім сенер еді. Бүгін, міне, тек қалаларда ғана көріп жүрген үйде отырмыз. Аманжол балалары әке-шешесіне тамаша тарту жасап отыр. Балалары Астанада ауданда әртүрлі қызметтер атқарып, жанұя абыройын асқақтатуда. Биылғы жы-лы ынтымағы жарасқан осындай жанұяларды насихаттап жатыр ғой.  Аманжол  мен Жәмила жанұясы да осындай мерейлі отбасылардың бірі. Кенже баласы мал өсірумен айналысып қоймай Сарысай жағасына көкөніс өсіріп, өнімін аудандағы өз дүкендерінде сатуда. Ынтымағы жарасқан осы ауылға, отбасына бақыт тілеймін, – деп ағынан ақтарыла  батасын берді.
– Аманжолдың малын саудалаушылар сонау Астана, Қызыл-ордадан келеді. Жыл сайын соғым алатын адамдары бар. Жыл-қысы табиғи жайылым шөбінде семірген,  қоң алғыш, қазы байланғыш, ерекше ірі тұқым. Ішкі-сыртқы бағаны білетін ол малды өзгелер сияқты онша бұлдамайды. Қолы ашық, тапқан-таянғанын "сұңқарша шашып жейтін" жомарт жаратылған жан ғой, – дейді ауылдасы Жолтай ақсақал.  
Бұл  ауылға жол тартқан жолаушыға  әуелі алыстан қарауытып "Қара оба" көрінеді, одан кейін көзге түсері осы екі қабатты  Аманжолдың еңселі көк шатырлы коттедж үйі. Артезиан құдығынан үй ішіне су тартылған. Арнайы қондырғы арқылы жылы су шүмектен үнемі ағып тұрады.
– Үлкен адамға қыстың аязды боранында далаға шығып тұру да қиын ғой. Үлкен қызым Айгүл бас болып, балаларым ақылдаса келіп үй салып береміз дегеннен кейін оның орнын белгілеу  оңай  болған  жоқ.  Болса  да   қы-руар қаржыға салынатын болғандықтан  қаладан тұрғызайық дегендер болды. Кемпір екеуіміз ата-баба қонысында, жастық ша-ғымызды өткізіп, бала-шаға өсір-ген осы жерді қимадық. Бұл ісіміз-ді жақтаушылар да, жақтырмаушылар да жетерлік. Келесі жылы жаңадан үй салуды ойлап жүр-гендер бар арамызда. Бейімбет  Майлиннің "Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз" дегеніндей, ауыл келбеті келісіп, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарса  еліміз де гүлденеді емес пе ? – дейді Аманжол қарияның өзі бізбен әңгімесінде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында елді мекендерді жалғастыратын жол мәселесіне  ерекше  назар аударып, мол қаражат бөлінгені белгілі. Республикалық дәрежедегі салынып жатқан Ар-қалық-Торғай тасжолынан он шақырым ғана қашықтықта жатқан шағын ауылдың  болашағы зор. Жолдауды Әбекең үйінде бірге отырып тыңдаған ауыл тұрғындары  өздерінің болашағы, бақытты өмірі үшін тағы да бір игілікті іс атқарылғалы отырғанына  көздері жетіп, қуанышқа бөленді.
Кеңес кезінде салынып әбден тозығы жеткен тұрғын үйлердің жаңарту ісі  Қарасу ауылында да қолға алынды. Жақында кәсіпкер Садықов Боранбай жаңа үлгіде салынған, көз тартар, барлық тұрмыстық  жағдайлары   жасалынған үй құрлысын аяқтап, қоныс тойын жасаса, кәсіпкер Мейрам Галин әкесі Таутанға сегіз бөлмелі үй салып, соңғы әрлеу жұмыстарын жүргізуде.   
Серікбай Шоңғалов.
Аманкелді ауданы,
Қарасу ауылы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓