«Нұр Отанға» шағымданды

Қостанайдың Гашек көшесіндегі 12-1 үйдің тұрғындары  әлеуметтік желі арқылы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына шағымданды. Тұрғындардың наразылығын тудырған мына мәселе: «Үйдің артындағы балаларға арналған футбол алаңында  кілең 17-18 жасар жасөспірімдер доп қуады Ол жерге кішкентайлар балаларымызды ойната алмаймыз. Күнде айғай, боқтық  сөздер қарша борайды. Құлақ тұнған айқай-шудан үйде сәбилерді ұйықтату мүмкін емес»,- деп жазады тұрғындар.Олар осы проблеманы шешуге «Нұр Отан» партиясы көмектессе екен деген уәж айтыпты.   IMG_1239
        Осындай келеңсіз көріністерді болдырмау мақсатында  облыстағы партия өкілдері «Стоп қылмыс» жобасының аясында «Қауіпсіз аула» акциясын қолға алған болатын. Партияның Қостанай қалалық бөлімшесінің төрағасы Бақытбек Сәндібеков, қалалық мәслихаттың депутаты Марина Бут, спорт бөлімінің аға маманы Ғұмар Абзулинов, қалалық әкімдік жанындағы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің маманы Батырбек Жармұхамедовтерден құрылған комиссия тұрғындардың шағымынан туындаған мәселені шешу үшін  аты аталған көшенің тұрғындарымен кездесіп, жағдайды біржақты етпек.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓