Ахаң ордасындағы жастар айтысы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік тынысы» атты студенттердің Солтүстік аймақтық айтысы өтті. Сөз додасына Астана, Павлодар, Көкшетау, Арқалық және Қостанай қаласының 14 студент ақыны қатысты.
IMG_5137Өнер бәйгесіне төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен IMG_5090Ы.Алтынсарин атындағы Бас жүлдеге Астанадан келген Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Сырым Әділбек ие болса, бірінші орынды – А.Байтұрсынов атындағы жүлде Абзал Қабдраш, Екінші орын –  Б.Майлин атындағы жүлде: Нұрқанат Қайрат , Үшінші орын  – М.Хәкімжанова атындағы жүлде Рауан Қайдаровтың еншісінде кетті.
IMG_5132Сонымен қатар, арнайы ынталандыру сыйлығы  Дастан Беков, IMG_5107Батырлан Сағынтаев және Нәрия Ақбабақызы қатарлы  жас ақындарға берілді.  
 
 
 
 
 
 
 
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓