Домбыра думанға асығыңыз!
Алдағы сейсенбі, 9 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінің ұжымы «Домбыра думан» шарасын өткізеді.
«Домбыра думан»-аталмыш басылымның төл бастамасы. Негізгі мақсаты-қазақ тілді аудиторияны қалыптастырып, ұлттық өнерді дәріптеу. Алғашқы жоба қазан айының 23-де өткен болатын. Оған қаламыздағы ЖОО-ның студенттері, мектеп оқушылары және аға буын өкілдері де қатысты. Жиналғандар өз еріктерімен сахнаға шығып, ән мен күйден шашу шашты. Екінші мәрте өткелі отырған іс-шара жаңа бағдарлама ұсынады. Сондықтан домбыра кешінің қызығынан құр қалпаңыз.
Іс-шараның өтетін орны: 9 желтоқсан, сағат 19.00де МАРТ сауда, ойын-сауық орталығының 3 қабаты. Ұлттық өнерді дәріптеген игі бастманы өткізу барысында ұсыныстарыңыз болса бөлісуге болады.
Өткен «Домбыра думан» шарасынан көрініс