Тәуелсіздік күнінде марапатталды

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Ұлттық мерекені ұлықтауға арналған іс-шарада елдің дамуына үлес қосқан азаматтар "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдарымен, ҚР-ның Құрмет Грамотасымен марапатталды.
IMG_1644йАталмыш іс-шараға облыс аумағындағы жақсы мен жайсаң жиналды. Мемлекеттік қызметші-лерден бастап әртүрлі саланың мамандары бар. Салтанатты жиналыстың ресми бөлімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасарлары М.Дәрібаев пен Б.Жақыпов баяндама жасады. Сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды.
–Халқымыз үшін Тәуелсіздік ұғымының тарихи мәні зор. Бұл –егемен еліміздің ең басты мейрамы. Ата-бабамыз кең байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалды. Бүгінде Қазақ елі Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасын еркін жайлап, бейбіт күн кешуде, – деген облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев астықты аймақтың соңғы жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін қысқаша баяндады.
Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде Қостанай облысы еліміздің дамуына үлес қосуда. Тобыл өңірі республикада алдыңғы саптағы аграрлы аймақ болып саналады. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан облыс диқандары 4,5 млн.тоннадан астам дән бастырды.  Қостанайдағы машина құрастыру зауыты Nomad, Ssang Yong автокөліктерін құрастырып, ішкі нарықты қамтамасыз етуде.
Салтанатты жиналыс барысында Елбасының Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің  әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан қостанайлық қырық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аталмыш наградаларды облыс әкімі Нұралы Садуақасов табыстаған болатын. Марапат иелерінің тізімін төменде жариялап отырмыз.
 
"Құрмет" ордені
1. Әбілдин Қанат Мырзалымұлы – "Қостанай облыстық ауруханасы" КМК хирургия бөлімінің меңгерушісі.
2. Блок Сергей Иванович – "Милх" ЖШС бас директоры.
3. Ғайсенова Римма Ғабдоллақызы – Мемлекет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің  Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрайымы.
4. Жалғасов Амангелді Рахымбекұлы – "Ақкиік" ЖШС директоры, Сарыкөл ауданы.
5. Малышко Юрий Михайлович –  "Трояна" ЖШС директоры, Федоров ауданы.
6. Морковник Виталий Витальевич – "Баталинское" ЖШС директоры, Денисов ауданы.
7. Овнанян Гагик Норикович – "СЫЛ" ЖШС директоры.
8. Сотников Сергей Николаевич –  "ЕвразКаспианСталь" ЖШС бас директоры.
9. Урдубаев Равиль Айтанович –  "ССКӨБ" АҚ бас инженері, Рудный қаласы.
10.Шәмшиев Алмабек Қуанышұлы – Қарасу ауданының әкімі.
 
"Ерен еңбегі үшін" медалі
1. Высоцкий Владимир Николаевич – "Викторовское" ЖШС бас агрономы, Таран ауданы.
2. Ерекенов Мырзабай Қуанышбайұлы –  "Жітіқаракоммунэнерго" МКК директоры.
3. Жүнісов Ахметқали Қанапинұлы – Қарабалық ауданы, Бөрлі орта мектебінің мұғалімі.
4. Каскова Гүлнәр Кенжетайқызы – "Сарыкөл аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры.
5. Қасымов Әлиакбар Төлеубайұлы –  "Тазарту-Арқалық" ЖШС директоры.
6. Кенжебаев Болат Боридович – Қостанай аудандық Владимиров орта мектебінің мұғалімі.
7. Кодылев Николай Андреевич –  "Өркен" ЖШС тепловоз теміржол цехының машинисті, Лисаков қаласы.
8. Матвиенко Сергей Владимирович – Қостанай облыстық дене шынықтыру және спорт бас-қармасының басшысы.
9. Мұттақов Мырзағазы Жәкіжанұлы –  "Сары бұлақ" ЖШС директоры, Науырзым ауданы.
10. Нұрхожаев Ербол Сапарбайұлы –  "Қостанай минералдары" АҚ басқарма төрағасы, Жітіқара ауданы.
11. Плохотенко Екатерина Григорьевна – Ұзын-көл ауданы, Бауман селолық округінің әкімі.
12. Ражанов Қонысбай Сапабекұлы – Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Жанкелдин ауданы.
13. Сидоренко Алексей Николаевич – "АгромашХолдинг" АҚ басқарма төрағасы.
14. Титов Юрий Алексеевич – "Алтынсарино" ЖШС №5 бөлімшесінің басқармасы, Қамысты ауданы.
15. Оспанов Темірхан Теміртасұлы – Шаруашылық қожалығының басшысы, Әулиекөл ауданы.
 
"Шапағат" медалі
1. Ахметжанов Серік Қайыржанұлы – Шаруашылық қожалығының басшысы, Таран ауданы.
2. Ілиясова Рауза Қамзақызы – Қарасу аудандық Октябрь селолық емханасының бас дәрігері.
3. Карагулина Любовь Александровна – Жеке кәсіпкер, Рудный қаласы.
4. Ким Сергей Романович – "БК-Стройпром" ЖШС директоры, Қостанай ауданы.
5. Мураева Надежда Александровна – "ҚР ардагерлер ұйымы" ҚБ Қостанай аудандық филиалының төрайымы.
6. Оразбаева Айман Қабдулқызы – Алтынсарин аудандық орталық емханасының бас дәрігері.
 
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
1. Бекенов Болат Қажабайұлы       – Федоров ау-дандық мәслихатының хатшысы.
2. Ғалиева Алма Серікқызы – Жеке кәсіпкер, Науырзым ауданы.
3. Кисель Сергей Петрович – "Айдала" ЖШС директоры, Алтынсарин ауданы.
4. Құлмағанбетов Аманжол –       Жеке кәсіпкер, Аманкелді ауданы.
5. Митаев Резван Кайсарович – "Кайсар-Агро" ЖШС атқарушы директоры, Әулиекөл ауданы.
6. Пысенков Сергей Владимирович            – "Сенат" ЖШС директоры, Сарыкөл ауданы.
7. Сақтағанова Алтынбике Баязитқызы – Қамысты орталық аудандық емханасының дәрігері.
8. Шалабай Жанар Асанқанқызы – Б.Хамзин атындағы Жанкелдин аудандық шығармашылық мектебінің директоры.
9. Щербак Дмитрий Николаевич – Ұзынкөл аудандық электр желісінің басшысы.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓