Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана қаласы “Нұрсұлтан” деп аталсын
Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтті.
Ол халық алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Астана қаласына берілетіні туралы айтты. Сондай-ақ, барлық облыс орталықтарының басты көшелерін ұлт көшбасшының атымен атау керектігін ұсынды. Баяндамасы соңында, Қ.Тоқаев елбасыға "Халық қаһарманы" атағын табыс етті.