“Даму-Өндіріс” демеуге дайын
Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың жүрегі десек, "Даму" қоры жүзеге асыратын «Даму-Өндіріс» бағдарламасы – оның тірегі. Ел экономикасының локомотиві саналатын осы саланы дамытуды көздейтін бұл бағдарлама шарттары туралы мәлімет бергіміз келеді.
Сонымен, бағдарламаның негізгі талаптары мынадай:
✔Бағдарлама аясында кім қолдау ала алады:
Жобасын өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС). Жоба «Басымдық берілген салалар» тізіміне сәйкес келуі керек.
✔Бір кәсіпкердің қолына тиетін максимал сома: 1 млрд 850 млн теңге
✔Мақсаты: Негізгі құралдарды сатып алу; айналым қаражатын толықтыру; қайта қаржыландыру
✔Мерзімі: 10 жылға дейін
✔Сыйақы мөлшерлемесі: 6%-дан аспайды
Бағдарлама аясында қолдау алу үшін екінші деңгейлі банкке бару керек.
⠀
???? Толық ақпарат алу үшін және осы бағдарлама аясындағы «басымдық берілген салалар» тізімі мен әріптес банктерді білу үшін https://damu.kz/programmi/loans/MSB3/ сілтемесі арқылы өтіп, танысуға немесе өз өңіріңіздегі Қор филиалына барып, ақпар алуға болады. Филиалдар мекенжайы да сайтта бар.
Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!