Қарызың болса, өкпелеме
Қостанай облысы сот актілерін орындау департаменті жеке және заңды тұлғалар пайдасына өндіру бойынша аумақтық сот орындаушылар бөлімі қалалық филиалы салықтық міндеттеме бойынша қарыздарыныз бар жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде екінші деңгейлі банктердегі берешектеріңіз бар жағдайда, шетелге сапар шегуді жоспарлаған жағдайда ҚР аумағынан шығуға рұқсатыңыздың бар-жоғы туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі сайтынан өзіңізге қатысты мәлімет алуыңызға болатынын еске салады. Аталған сайттың "Бүркіт" атты ақпараттық базасына Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынған борышкерлер жөнінде мағлұматтар енгізілген.
Қазіргі уақытта Қостанай облысында Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша тыйым салынған борышкерлердің саны 12 648-ге жетіп отыр.
Мойнында қарызы бар азаматтардың шекара сызығын аттауға тосқауыл қою жайында ҚР "Сот орындаушылардың атқарушылық өндірісі және беделі туралы" заңының 33 бабында көрсетілген. Соған сай, талап етілген мерзімде борышкер ат-қарушылық құжатта көрсетілген қарызын ешқандай негізсіз өтемеген жағдайда, сот орындаушы, талап етуші тараптың арызына сүйене отырып, оны мемлекет аумағынан уақытша шықпауға тыйым салу жөнінде шешім шығаруға құқылы. Бұл шешім Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалдық заңнамасымен бекітілген тәртіптегі соттың санкциясымен жүзеге асады. Сот орындаушы шешімінің көшірмесі компьютер арқылы "Бүркіт" ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Осылайша, шетел асуға салынбақ тыйым туралы мәліметтер са- наулы сағатта-ақ мүдделі азаматтар үшін қолжетімді ақпараттарға айналады деуге болады.
Бүгінгі таңда аталмыш шара сот орындаушылардың жұмылуымен барынша қарқынды жүзеге асырылуда. Берешегі ұлғайған борышкерлердің мемлекеттен уақытша шықпауы жөніндегі мағлұматтардың ақпараттық базадан көрініс табуының септігімен 2014 жылдың өзінде ғана Қостанай қаласында 52 млн.теңгеден астам сома өндіріп алынды.
К.БАЙМҰХАНОВ,
Қостанай қаласы жеке және заңды тұлғалар пайдасына өндіру жөніндегі сот орындаушылар бөлімінің жетекшісі.