SOS! Эмирге ел болып көмектесейік!
Лисаков қаласының тұрғыны Әсел Жүнісова баласының еміне көмек сұрайды. Бір жарым жастағы Эмирге дәрігерлер «екінші типтегі жұлын бұлшықетінің атрофиясы» диагнозын қойып отыр. Оны емдеуге 2,3 миллион доллар (989 млн теңге!) қажет.
Осынша қаражатты жинауға аз ғана уақыт беріліп отыр. Бес ай ғана! Себебі аталмыш диагнозды емдеу үшін бір реттік инъекция бала бойына екі жасқа дейін салынуы керек. Одан асса, кеш болады.
Эмир Бисенов – Қостанай облысында «екінші типтегі жұлын бұлшықетінің атрофиясы» қойылған жалғыз пациент. Қазақстанда тап осындай сырқат баланың еміне аз уақытта көп ақша жинау мысалы бар. Ақсай қаласында тұратын Эмирмен аттас науқас сәбиге инъекция 4 маусымда жасалған. Қазір оның денсаулығы оңала бастағанын жазады «Лисаковская новь» газетінің тілшісі Елена Сподарь. Ақсайлық Эмирдің ата-анасы бір реттік екпеге ақша жинап қана қоймай, емделгеннен кейін түскен 49 миллион теңгені басқа сәбилердің еміне аударған. Лисаков тұрғыны Әсел Жүнісова ұлына осылай көмектесетіндер табылады деген сенімде.
Эмир Бисенов 2020 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. Ірі бала болғандықтан, Қостанайда босанды. Нәресте салмағы 4 келі болған. Бала бес айында ғана басын ұстай бастады. Бірақ әлі әлсіз. Бір жарым жаста болса да жүре алмайды. Әсел дабыл қағып, ауруханаларға барғаннан кейін оны квота арқылы Нұр-Сұлтанға жіберді. Дәрігерлер нақты диагнозды осы жылдың 17 маусымында жариялаған.
Егер оған 2 жасқа дейін Zolgensman дәрісі егілмесе, оның ағзасы дамымай қалады. Сондықтан, жұдырықтай жұмылып, жедел түрде ақша жинап беру керек.
Күнделікті қанша ақша түсіп жатқанын Әсел @pomojem_emiru инста-парақшасында жариялап тұрады.
(Zolgensman дәрісі туралы ақпаратты интернеттен таба аласыз).
Реквизиттері:
Сбербанк
4263 4333 4735 3689
Сбербанк
4263 4333 4735 3689
Halyk Bonus
4405 6397 9217 0779
Home Credit Bank
4049 3221 8678 4362
Каспи банк
ЖСН 830522451041
Анасы Әсел Жүнісова. Телефоны: +77779697899.