Белсенді жастар

Агенттік төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов, Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және қоғам қайраткері Сәдібек Түгел облыстың жас көшбасшыларымен кездесу өткізді.
Төраға орынбасары Дмитрий Малаховтың: "Кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші – жастар, сондықтан адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру үшін алдымен жастарымызды түзей білуіміз керек", – деді.
Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева өз кезегінде жас белсенділерді "Парасат жолы" жобасы аясында бірлесіп жұмыс істеуге, зиялы қауым өкілдерімен біріге отырып жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуге шақырды. "Саналы ұрпақ" жобасының жетекшісі Серік Манасбаевтың айтуынша, Қостанай облысының жастары бүгінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жобаларға үлестерін қосып, бастамашы болып отыр. Бұған облыста жастар арасында дебаттық турнирлер, зияткерлік ойындар және өзге де форматта жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар дәлел бола алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓