Жолаушылар зардап шекті
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 1 желтоқсан күні түнде Екатеринбург-Алматы автожолының 511 шақырымында жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, БМВ маркілі автомобилімен аударылды. Апаттың салдарынан жолаушылар зардап шекті.
19 жастағы жігіт жансақтау бөліміне, 20 жастағы жігіт нейрохирургия бөліміне түсті. Екеуі де Қостанай ауданының Озерное селосының тұрғындары. 1997 жылы туған қостанайлық қыз қалалық аурухананың травматология бөліміне, 1999 жылы туған озерныйлық қыз бала облыстық балалар ауруханасына әртүрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Істің мән-жайы анықталуда.