Сайтымыздың сәні артуда

Ақпаратты жылдам жеткізудің амалына жүгінген «Қостанай таңы» газеті қалың оқырманын жағымды жаңалығымен қуантпақ ниетте. Бұдан былай «Қостанай таңының» ресми сайтына жүгінгендер газетіміздің қаз-қалпындағы сұлбасын тамашалай алады.Скрин_сайта_pdf 92 жылдық тарихы бар «Қостанай таңының» PDF -нұсқасын электронды жүйемен тарату – біз үшін үлкен  мақтаныш! Біз, облыстық деңгейде бірінші болып, оқырмандарымызға газетіміздің толық, PDF – сұлбасын ұсынып отырмыз.   Біз сондай-ақ, сайтымыздағы оқырмандарымыздың 140 мыңнан асқанын хабарлағымыз келеді.
Ақпаратты алғашқы болып білгіңіз келсе, компьютер, планшет тіпті, ұялы байланыс құралының көмегімен www.kostanaytany.kz сайтына кіріңіз. Газетіміздің толық нұсқасын оқығыңыз келсе, PDF-нұсқасына жүгініңіз.  Ана тілімізде тарайтын аймақтық жалғыз басылымға жазылуды да естен шығармаңыз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерейік десек, «Қостанай таңына» жазылайық, ағайын!

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓