Қабылдау тәртібі өзгерді
Бүгін түстен кейін Қостанай қалалық ауруханасы ЖРВИ, ЖРА және пневмонияға шалдыққан науқастардан басқасын қабылдауды тоқтатты. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қалалық аурухана базасында провизорлық стационардың 250 кереуеті қойылды. Қалалық емханалардан қосымша дәрігерлер мен орта медперсонал жұмысқа қабылданды. Қалалық аурухананың әртүрлі бейіндегі барлық дәрігері провизорлық науқастарды қабылдауға және емдеуге жұмылдырылып отыр. Кезек мәселелесі күн соңына дейін шешіледі. Сондай-ақ, бүгін провизорлық стационардың cаll-орталығы іске қосылады. Шұғыл көмек, оның ішінде травматологиялық пункт облыстық ауруханаға көшірілді.
Мамандар қостанайлықтардан сабыр сақтауға, дүрбелеңге салынбауға шақырады. Дәрігерлер күшейтілген режимде және үлкен жүктемемен жұмыс істеп жатқанын, бас санитарлық дәрігер бекіткен тәртіпті ұстану арқылы, қалыптасқан күрделі жағдайды еңсеруге әр тұрғынның көмектесе алатынын айтып отыр олар. Талап етілетіні – көпшілік шараларға қатысуды және жасырын ұйымдастыруды тоқтату, артық-ауыс аралас-құраластықтан қашу, қонаққа бармау және шақырмау, аса қажет болмаса, үйден шықпау.