Ашық есік күні өтті

Рудный индустриялық институты дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән салтанатпен атап өтті. Шара барысында қаламыздың мектеп және колледж оқушылары білім ордасының мұражайы мен фойеде ұйымдастырылған шағын көрмені тамашалады.
IMG_2634Сондай-ақ жас қонақтар институтқа экскурсия жасап, мамандықтар тізбесі мен оқуға түсудің ереже-талаптары, студенттік өмір мен олардың білім, ғылым, спорт және шығармашылықтағы жетістіктері жайлы ақпарат алды. IMG_2597Одан әрі оқушылар мен студенттер көңілді тапқырлар ойынында РИИ ректоры кубогын сарапқа салып, өз оқу орындарының намысын қорғады. Ойынға №15, 4, 14, 10 мектеп пен РӘГК, РПТК, РИИ жастарынан құралған 8 команда қатысты. Жайдарманшылардың қағытпа қалжыңы мен астарлы әзілдері әділқазылар мен көрермендер жылы қабылдады. Екі сағатқа созылған ойын нәтижесінде кубок РПТК мен №14 мектептің «Восход аялдамасы» атт командасына бұйырса, қалған командаларға атаулы номинациялар берілді. Барлық қатысушылар дипломдар мен «Арасан фирмасы» ЖШС, «Азия микс» кафесі, «Мистер почик» ЖК, «Лидер-2» ЖШС ұсынғанған дәмді сыйлықтарға ие болды.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓