Келешекке деген қадамдар

Облыс орталығындағы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  «Стратегия -2050» – болашаққа ілгерлеудің және жасампаздықтың қазақстандық жолы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияны  облыстық ішкі саясат басқармасы  аймақтағы   «ГрИн» «Азаматтық Альянс» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
    Изображение 2 896Осы жиынның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Изображение 2 876Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының негізгі басымдықтарын, Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын,  «Халық тарих толқынында» бағдарламасын түсіндіру және насихаттау, оқып-білу.
     Изображение 2 850 Конференцияға   ҚР жоғары оқу орындарының Изображение 2 832профессорлық- оқытушылар қауымы, Алматы, Семей қалалары мен Қостанай  облысының ғылыми, қоғамдық, саяси  және  зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік саланың қызметкерлері мен магистранттар, студент-жастар қатысты.
     Изображение 2 815Жиынға қатысушылар пленарлық  бөлім мен  панельдік пікірталас барысында  Қазақстан экономикасы ғылымды қажетсінетін моделі – Үшінші  индустриалдық революцияның келешегі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты- халықтың өмір сапасының индикаторы,  білім – қазіргі қоғамдағы  тұрақтандырудың және дамытудың негізгі факторы,  демократиялық қоғам дамуының мемлекеттік-құқықтық аспектісі,  тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы – қоғамның рухани байлығының негізі  секілді бағыттар бойынша жұмыс істеді. Конференция  аясында сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Мақанов, Алматы қаласындағы «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А. Чеботарев, ҚМПИ-ның ғылыми жүмыс және шетел байланысы жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е. Әбіл,  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемуниверситетінің экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі, профессор С. Жиентаев және тағы басқалар Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және тарих ғылымын саясатқа айналдырмау, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихын зерделеу үшін жағдай жасау, бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде экономикалық бәсекелестікті қалыптастыру мәселері мен отандық өнімді өндіруге жол ашу, мемлекеттік органдар  халықтың әмір сүру деңгейінің сапасын  жақсартуға  және сараптауға бағытталған  өңірлік, салалық  бағдарламаларды әзірледе өңірдегі ғылыми  зиялылардың әлеуетін кең түрде қолдану Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту, ұлттық тарих толқынындағы тұлғалар  туралы айтып өтті.
Гүлназым Сағитова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓